Кафедра тарихы

Бүгінгі таңда тілші, әдебиетші мамандар даярлаушы ұстахана іспеттес қазақ филологиясы кафедрасының қалыптасу, даму тарихы Орал педагогикалық институты құрылған 1932 жылдан бастау алады. Кафедраның алғашқы меңгерушілерінің бірі - қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, аталған саланың республикадағы тұңғыш докторы, академик Қажым Жұмалиевтің болуын мақтан етеміз. Бұл бөлімнен қазақтың талай марғасқа ұландары қанат қақты. Бүгінде ұжым кейінгі жастарға ісімен үлгі болған көненің көзіндей бір шоғыр, ғалым ағаларын әркез есте ұстайды. Олар: С.Ақмурзин, А.Көшімбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Атымов, Н.Бисенғалиев, Ә.Нарымбетов, О.Төлегенов, Б.Әбілқасымов, Ғ.Әбуханов, М.Тілеужанов, Қ.Мырзағалиев, С.Ғ.Шарабасов, О.Бүркітов т.б.

Сексен жылдан астам тарихы бар бөлімде мыңдаған түлектер білім алып, еліміздің түкпір-түкпірінде ел игілігі үшін еңбектеніп жүр. Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінен Ж.Набиуллин, А.Нәріков, Р.Отарбаев, Ғ.Сейтақ, А.Шахин, М.Шүйіншалиева сынды ақын-жазушылармен қатар айтыс ақындары - Ш.Қыдырниязова, М.Қосымбаев, Д.Мұштанова, Ж.Болтанова, Н.Кәрімова, Ж.Мусина, Т.Мықи түлеп ұшқан. Бұл күнде бөлімде Ақұштап Бақтыгереева атындағы ақындар мектебі мен ақын дәрісханасы жұмыс жасайды.

Қазіргі кезде қазақ филологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамында негізінен ғылыми дәрежесі бар мамандар еңбек етеді, олар Түркия, Ресей (Татарстан, Башқұртстан) ғалымдарымен шығармашылық байланыста.

Кафедра құрамында аймаққа танымал ғалым тілшілер мен әдебиетшілер: «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері, ф.ғ.к., доцент Ұ.Р.Ержанова, «ЖОО үздік оқытушысы» (2007, 2012) грантының екі дүркін иегері, п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі А.С.Қыдыршаев, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің облыстағы алғашқы иегері, «ЖОО үздік оқытушысы» (2012) грантының иегері, РФ мен Еуропаның ғылыми-өндірістік палатасының «Алтын медалінің» (2013) иесі, ф.ғ.к., доцент З.Ж.Мүтиев, «ЖОО үздік оқытушысы» (2013) атағының иегері, ф.ғ.д., профессор Ғ.Қ.Хасанов, жоғары мектепте өзіндік қолтаңбалары қалыптасқан маман-шеберлер, тәжірибелі ұстаздар: ф.ғ.к., доцент Р.Қ.Мұхамбетқалиева, ф.ғ.к., доцент А.Ә.Ниязғалиева, ф.ғ.к., доцент А.А.Раманова, ф.ғ.к., аға оқытушы Қ.Ғ.Аронов, ф.ғ.к., аға оқытушы Ж.Ж.Шайекенов және болашағынан зор үміт күттіретін талантты жастар: Білім және ғылым министрлігінің жас ғалымдарға тағайындалатын мемлекеттік ғылыми стипендиясының (2010-2012) иегері, облыстық «Жас ғалым-2010» номинациясының лауреаты, «ЖОО үздік оқытушысы» (2014) атағының иегері, «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері (2015), ф.ғ.к., университеттің қауымдастырылған профессоры Р.Б.Сұлтанғалиева, PhD докторлар – И.С.Сұлтаниязова мен Г.Е.Дюсембина, аға оқытушы-магистрлер: А.С.Ниетова, Н.К.Ахатова, Ж.Ғ.Мусина, Г.Г.Тұрғаналиева, К.Б.Жұмашева, Қ.С.Алдашева, магистр-оқытушылар: Н.А.Қабошева, Ж.Д.Қадырғалиев, Н.Е.Дүйсенғалиева, Н.А.Алмагамбетова, А.Т.Қалиевалар жемісті еңбектенуде. Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторантурасында 2 докторант (А.А.Ақболатов, Г.Ә. Еркеғалиева) білім алуда.

Кафедра жанында 2004 жылдан бастап магистратура жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бөлімімізде академик Қ.Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік (жетекшісі – Ж.Ж.Шайекенов), профессор М.М.Тілеужанов атындағы фольклор үйірмесі (жетекшісі – Р.Қ.Мұхамбетқалиева), «Ақын Ақұштап Бақтыгереева» атындағы поэзия үйірмесі (жетекшісі – Ж.Ғ.Мусина), «Жас журналист» жас журналист-тілшілердің үйірмесі (жетекшісі – Г.Г.Тұрғаналиева), «Баубек Бұлқышев» атындағы шешендік өнерге баулу бірлестігі (жетекшісі – А.С.Қыдыршаев), «Атамекен» өзге ұлт өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді үйрену үйірмесі (жетекшісі – Н.А.Қабошева) жұмыс жасауда.

Бөліміміз университет намысын түрлі республикалық олимпиадаларда, шығармашылық конкурстарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда желбіреткен Гүлмерей Исмагулова (2010), Гүлнұр Жантуриева (2010), Талғат Мықи (2009, 2010), Жадыра Сапарова (2011), Гүлсезім Бияшева (2011), Елдана Асылханова (2012), Айкүн Молдашева (2012), Бұлбұл Құбаева (2013), Риза Құрманиязова (2014, 2015), Таңшолпан Қаршығақызы (2104), Айсана Қасен (2014, 2015), Абилова Зайра (2015, 2016) сынды түлектерімен мақтана отырып, олардың өмірде бағындырған белестеріне қуанумен келеді.

Кафедра миссиясы: отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік бағытта тәрбиеленген мамандар дайындау, сондай-ақ ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени ортаны қалыптастыру.

Кафедра мақсаты: ғылым, білім және өндіріс бірлестігі негізінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында жоғары филологиялық білім беруді және университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды (қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры, филология: қазақ тілі бакалавры, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, филология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі) даярлау.

Кафедра міндеттері:

- «5В011700/6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В020500/6М020500 – Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

- білім беруді ақпараттандыру бағытында инновациялық саясат жүргізу, білім берудің жаңа әдістерін енгізу;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қазақ филологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

1. Раманова Айгүл Абибуллаевна – Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., БҚМУ доценті

2. Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы – Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент

3. Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы – Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, п.ғ.д.

4. Хасанов Ғабит Қайыржанұлы – Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.

5. Мухамбетқалиева Роза Қазиқызы – Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

6. Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы – Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

7. Ниязгалиева Ағзия Әділқызы – Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

8. Аронов Құспан Ғұмарұлы – Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

9. Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы – Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

10. Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы – Қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.

11. Сұлтаниязова Индира Сағындыққызы - PhD доктор, доцент

12. Дюсембина Гүлсамал Ерболқызы - PhD доктор, доцент

13. Тұрғаналиева Ганмиркүн Ганмирханқызы – аға оқытушы, магистр

14. Алдашева Қамар Сагингалиқызы – аға оқытушы, магистр

15. Ахатова Нурсауле Кәкімжанқызы – аға оқытушы, магистр

16. Жұмашева Кәмшат Берікқызы – аға оқытушы, магистр

17. Мусина Жансая Ғалымжанқызы – аға оқытушы, магистр

18. Ниетова Айгүл Серікқызы – аға оқытушы, магистр

19. Қабошева Назира Айболатқызы – аға оқытушы, магистр

20. Сисенбаева Раушан Жаңабайқызы – оқытушы, магистр

21. Қалиева Айгүл Төлегенқызы – оқытушы, магистр

22. Кадырғалиев Жоламан Дүйсенбіұлы – оқытушы

23. Дүйсенғалиева Нұргүл Ерболатқызы – оқытушы

24. Алмағамбетова Наташа Александровна – оқытушы

Қазақ филологиясы кафедрасында дайындалатын мамандықтарға қысқаша сипаттама:

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Мамандануы: 1) Бастауыш мектептегі орыс тілі; 2) Түрік тілі; 3) Журналистика.

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша “білім бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі. Бітіруші түлек жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында; ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер ретінде; әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында; мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде қызмет жасай алады және әдеби кеңесші міндетін атқара алады.

 

5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

қазақ тілі мен әдебиеті

Мамандануы: 1) Жарнаманы филологиялық қамтамасыз ету; 2) Түрік тілі; 3) Аударма теориясы мен практикасы.

5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша “білім бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі. Бітіруші түлек білім беру (педагогикалық): әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы ретінде; ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер ретінде; әдеби, мәдени мекемелерде, баспаларда, ұйымдастыру-басқару орындарында қызмет жасай алады және әдеби кеңесші міндетін атқара алады.

5В020500 – Филология: қазақ тілі

Мамандануы: 1) Журналистика; 2) Лингвокриминалистика; 3) Түрік тілі.

5В020500 – Филология мамандығы бойынша оқу бітірушіге филология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Аталған мамандықты бітіруші түлек мынадай қызметтерді орындайды: қазақ тілі мен әдебиетін оқыту; білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; баспа өнімін түзету, редакциялау; лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу; баспа өнімдерін редакторлайды, түзетеді; ресми-іскерлік құжаттарды дайындайды; мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар жүргізеді; ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асырады; білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асырады.