Талапкерлерді сапалы қабылдауды қамтамасыз етудегі кафедра бөлімшелері бойынша жұмыс рөлі

М. Өтемісов ат. БҚМУ-нің шетел тілдері кафедрасының кәсіби бағдар жұмысы аясындағы қызметтің басым бағыты кафедра бөлімшелері бойынша жұмыс болып табылады.

Осы бастамамен дәстүрлі шаралар және де жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы бірқатар шаралар өткізіліп жатыр.

Шетел тілдері кафедрасы өзінің бөлімшелерімен, № 7, 21, 28, 38 мектептермен, сондай-ақ Теректідегі "Үміт" лингвистикалық гимназиясымен белсенді жұмыс істеп келеді. Кафедра оқытушылары ағылшын тілі бойынша үнемі қызықты сабақтар, қызықты сыныптан тыс шаралар және шығармашылық жарыстар өткізеді.

Кафедраның аға оқытушысы Кадыргалиева С.И. №28 ЖОББМ-те жыл бойы жүйелі түрде ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіп келеді. Оқушылар сабаққа ықыласпен келеді, өйткені сабақтар жанды әрі қызықты қалыпта өтеді.

 

Кафедра оқытушысы, магистр Есбергенова Г.И. жыл бойы №38 ЖОББМ оқушыларына ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіп келеді. Әр сабақ мұқият ойластырылады және қызықты ортада өтеді.

Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, магистр Хохлачева Е.С. Орал қаласындағы №7 ЖОББМ-те үнемі сабақтар және сыныптан тыс шараларды өткізеді. Сабақтар әрдайым өте тиімді өтеді әрі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Сабақ барысында оқытушы мен оқушы арасында жемісті әрі нәтижелі оқытуға әкелетін ауқымды өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады.

Кафедраның аға оқытушысы Нурушева Т.И. сондай-ақ жүйелі түрде №21 ЖОББМ-те ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіп келеді. Бұл сабақтар үшін мәліметтер әрдайым мазмұнды және танымды болып табылады, оқушылардың білімдерінің, қабілеттерінің және дағдыларының даму деңгейіне, олардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына сәйкес, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай таңдалған. Оқушылар сабаққа зор ықыласпен келеді, сабақтарда белсенді жұмыс істейді. Сабақтар оқытушы мен оқушылардың ынтымақтастығына құрылған, нәтижесінде әрдайым табысты және қызықты өтеді.

Сонымен қатар, шетел тілдері кафедрасының оқытушылары жыл бойы тек өздерінің бөлімшелерімен ғана емес, сонымен қатар, қаланың және облыстың басқа да мектептерімен, колледждерімен және басқа білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастықты ұстап келеді.

2014-2015 оқу жылында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары үнемі қала және облыс оқушыларымен кездесулер өткізіп отырды.

Мысалы, 2014 жылдың 19 қарашасында шетел тілдері кафедрасы қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен "Біздің университет" атты интерактивті кездесуді өткізді. Кездесуге кафедраға жүктелген мектеп оқушылары, соның ішінде келесі мектептер №19, 7, 21, 12, 38, 1, 36, 8, және де "Достық" ЖОББМ қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 34 оқушы. Оқушыларға кафедра, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы туралы толық мәлімет таныстырылды, және де шет елде оқытудан өткен студенттер таныстырылды, ол студенттер шетел университеттеріндеғі оқу барысы туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ университет және "Шетел тілдері" кафедрасы туралы бейнеролик көрсетілді.

Сондай-ақ 2015 ж. 20 қаңтарда доцент, п.ғ.к. Утешев Н.С., және де кафедраның аға оқытушылары Насимуллина А.Б. мен Щербакова И.К. жоғары сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылған №12 ЖОББМ-не барды.

Кездесуде «Шетел тілдері» кафедрасы туралы бейнеролик көрсетілді, М. Өтемісов ат. БҚМУ-де оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат берілді, ата-аналары оқу ақысына және мамандықтарға қатысты сұрақтар қойды, барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

2015 жылдың 27 наурызында көктем демалысы мерзімінде кафедра оқытушылары А.Б. Насимуллина, И.К. Щербакова, Н.К. Лысенкомен қала мектептерінің оқушылары арасында ашық есік күні өткізілді. Бұл шараға сондай-ақ кафедраға жүктелген №19, 7, 21, 12, 38, 1, 36, 8 мектептер қатысты, бұл кездесуге №34 ЖОББМ-тен 14 оқушы қатысты. Оқушыларға мамандық, кафедра туралы қызықты ақпарат берілді, сондай-ақ Германия және АҚШ жоғары оқу орындарында оқытудан өткен студенттермен кездесу өтті, толық ақпаратпен ақпараттық үнпарақтар таратылды.

Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары үнемі қала мектептерінде жобалар бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, магистр Хохлачева Е.С. 2015-2016 оқу жылында Орал қ. №7 ЖОББМ-те "Ағылшын тілі лексикасындағы кірме сөздер" жобасының жетекшісі болды. Оқытушы ғылыми жобаның барысында баяндама тақырыптарын таңдады, оқушыларға пайдаланатын әдебиеттер жөнінде ақпарат берді, мұғалімдермен жемісті жұмыс жүргізді. Осы жоба бойынша жұмыс барысында оқушылар дербестіктерін, тілін дамытты және ғылыми қызметтің дағдыларын жетілдірді.

 

Сонымен қатар №31 мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен жобалық жұмысты оқытушы, магистр А.Г. Утарова жүргізді. Жоба тақырыбы: "Қазақ жастары көзімен ағылшын дәстүрлері". Жобаның мақсаты мен мазмұны басқа ұлттардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына төзімді және мейірімді қарым-қатынас пен құрмет болды. Оқушыларды, олардың ой-өрістері және дүниетанымдарын дамыта отырып, Англияның мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырды.

Ағымдағы 2016-2017 оқу жылында біздің кафедраның оқытушылары, сондай-ақ қала мектептерінде жобалар бойынша жемісті жұмыс жүргізді. 2016 ж. қазан-қарашасында аға оқытушылар Кадыргалиева С.И. мен Лысенко Н.К. №38 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушыларымен «Ағылшын тілі және заманауи жасөспірімнің сөйлеу тілі» тақырыбында жобалық жұмысты орындады. Мектеп оқушылары әдебиет көздері мен Internet ресурстарының көп мөлшерін талдады, ол әрине, дербестіктің дамуына, ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдау және оларды шешудің барабар жолдарын табуға жақсы әсерін тигізді.

 

Жобалық жұмыстардан басқа оқытушылар дәріс, сыныптан тыс шараларды және факультативтік сабақтарды өткізу арқылы оқушыларға әдістемелік көмек көрсетеді.

2015 жылдың қазанында аға оқытушы Шамгонова Р.Г. мен магистр Утарова А.Г. №36 ЖОББМ оқушыларына "Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына оқыту әдістемесі" тақырыбына дәріс оқыды. Бұл дәрістің мақсаты: ғылыми-зерттеу және оқу-таным жұмыстарының ережелерімен таныстыру. Оқытушылар ғылыми жұмысты дайындау барысында ерекше көңіл аударылуы тиіс негізгі мәселелер қатарын атап өтті.

2015 жылдың 24 қарашасында кафедраның аға оқытушысы Кадыргалиева С.И. мен магистр Хохлачева Е.С. №8 ЖОББМ-те ағылшын тілі апталығын өткізе бастады. 10 сыныптың оқушыларымен «Oh lucky» тақырыбына сыныптан тыс шара өткізді. «Oh lucky» сыныптан тыс шарасының мақсаты: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты дамыту және ой-өрісі мен зияткерлілігін кеңейту. Оқушылар бұл шараға ықыласпен қатысты, сұрақтарға белсенді жауап берді, өздерінің барлық білімдерін көрсетуге тырысты. Ойын "Кім миллионер болғысы келеді?" тележобасының қағидасы бойынша құрастырылды.

Осы 2016-2017 оқу жылында 1 қарашадан 15 қарашаға дейін шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Щербакова И.К. №7 ЖОББМ-те ағылшын тілі терең оқытылатын 11-сыныбында лингво елтану бойынша факультативтік сабақтар өткізді. Щербакова И.К. лингво елтану бойынша үш шеберлік сабақтарын өткізді. Тақырып бойынша жұмыс барысында оқушылар мәселелік және шығармашылық тапсырмалардың әртүрлі түрлерін орындады: эссе, түйіндеме, диалогтар, рөльдік ойындар. Үйрену барысында қиындық тудыруы мүмкін болған тақырыптық бөлімдер бойынша оқушыларға қысқа дәрістерді тыңдау ұсынылды.

Шетел тілдері кафедрасы, кафедра меңгерушісі Г.Н. Кисметова және басқа тәжірибелі оқытушылар атынан біздің университетке университеттердің, колледждердің, мектептердің ең үздік оқытушылар мен мұғалімдерін, сондай-ақ шетелден оқытушыларды белсенді шақырады.

2015 ж. 14 қазанында сағ 15:00-де М. Өтемісов ат. БҚМУ-де Австриялық ағылшын және неміс тілдерінің маманы Т. Гудрунның "Мектеп-Колледж-ЖОО" жобасы бойынша ашық сабағы өткізілді. Дәріс тақырыбы: "Европадағы оқыту жүйесі". Сабақ алдын ала жазылған бейнетабақта өткізілді. Дәріске 1-4-курстардың студенттері қатысты. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары мен орта мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Олардың ішінде, №8 дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімдері Карнаухова З.А., Гудкова Е.Н., №36 ЖОББМ мұғалімі Жоламанова Р., №12 ЖОББМ мұғалімі Аубакирова А.И. Сабақ студенттерге де, оқытушыларға да қызықты болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауаптарын алды. Студенттердің айтуынша, шетелдік оқытушылармен жиі кездесулер, оларға ауызекі тілін дамыту үшін тиімді әсер етер еді. Бұл кездесу Т. Гудрунге де оң әсерін тигізді. Бұл кездесуден естелік ретінде суреттер түсірілді, дискке бейне жазылды.