«Жексенбілік мектеп»: жаңа білім сапасына

2014ж. бастап, үш жылдан бері кафедрада жексенбілік мектептер белсенді түрде жұмыс жасайды. Жексенбілік лингвистикалық мектептердің бағдарламаларына ағылшын тілінің өзекті мәселелері туралы университет ғалымдарының дәрістері, грамматика, лексика, аударма ісінің теориясы мен практикасы бойынша практикалық жұмыстары кіреді.

2014- 2015 және 2015- 2016 оқу жылдары шет тілі кафедрасында жексенбілік лингвистикалық «Уникум» мектебі жұмысын атқарды. «Уникум» мектебі М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ- де білім алуға сапалы абитуренттерді жинау мақсатында ашылды. Оқу бағдарламалары жетекші кафедра оқытушыларымен жасалды. Сабақтар жеке жұмысты тиімдірек өткізу және оқудың дифференциалды тәсілін кіріктіру үшін шағынкомплектілі топтарда өткізілді.

Ал 2016- 2017 оқу жылы «Уникум» мектебінен басқа, қала және облыс мектеп оқушыларына тағы бір жексенбілік лингвистикалық «Я- переводчик»мектебі ашылды. «Уникум» және «Я- переводчик» мектептерінің оқушылары ағылшын тілінен өздерінің білімдерін жетілдіруде. Олардың көпшілігі олимпиада жеңімпаздары атануда. Сабақтарды М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ- нің шет тілдері кафедрасының жетекші оқытушылары жүргізуде. Жексенбілік мектептердің қызметі білім алушылардың жеке өсуі мен болашақ маман болып қалыптасуын жетілдіреді.

 

 «Уникум» және «Я- переводчик» жексенбілік лингвистикалық мектептерінде қала және облыс мектептерінің оқушылары ағылшын тілін ғылыми жобалар жүйесін қолдану арқылы заманауи методикаларымен меңгерудің біргей мүмкіндігін алады.

Сонымен қатар, 2016- 2017 оқу жылы тағы бір 9 «А», «Б» және 10 «Б» сынып оқушыларына арналған жексенбілік лингвистикалық «Keep up your english» мектебі ашылды. 9 «А», «Б» сыныптарына арналған бағдарлама жылына 102 сағатқа есептелген (аптасына 3 сағат) және 10 «Б» сыныбына арналған бағдарлама 68 сағатқа есептелген (аптасына 2 сағат). Курс тематикасы Sarah Cunningham және Peter Moor “Cutting Edge”оқулығында ұсынылған тематиканы толықтырады. Ағылшын тілін оқудың үлгілік бағдарламасы мазмұнынының кеңейтілуі мен тереңдетілуі болжамдалуда. « Leisure and lifestyle», «Unusual ways of keeping fit», «Choose the right job», «Early to bed, early to rise, «New Year in two different cultures», «Dates and special occasions», «Birthday traditions around the world», «Appearances», «Ambitions and dreams» және т.б. тақырыптар енгізілуде. Бұл тақырыптардың оқытылуы коммуникативтік құзіреттілік деңгейін кеңейтуге көмектеседі.

Курс мақсаты: Сөйлеу қызметінің барлық түрлері бойынша практикалық дағдыларды дамыту, яғни сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

Курс міндеттері:

- ағылшын тілінің негізгі грамматикалық құбылыстары туралы білімді тереңдету;

- негізгі сөзжасам тәсілдері туралы білімді кеңейту және лексикамен жұмыс жасауға үйрету;

- барлық тыңдау және оқу түрлерінің қабілеттерін жүйелеу;

- ұсынылған тақырып бойынша ауызша сөйлеу қабілеттерін жетілдіру;

- хат және эссе жазу қабілеттерін жетілдіру;

- қиын тілдік жағдайдан өтудің негізгі стратегияларына үйрету;

 

Жексенбілік мектептердегі сабақтар білім алушылардың университетке түсуіне әзірлігін жүзеге асырады, таңдалған пән бойынша тест немесе профильді емтиханды жақсы тапсыруға мүмкіндік берумен қатар, болашақта жоо- да ойдағыдай оқуға терең, әрі берік білім береді.

ЖЛМ- гі дәстүрлі де, интенсивті де түрде жүргізілетін сабақтар оқушылардың базасын, білім көлемі мен сапасын айтарлықтай өсіруге, кемістіктерді толтыруға және ҰБТ- ны таңдалған пән бойынша сәтті тапсыруға мүмкіндік береді.

Біздің кредо- бұл бүгінгі таңның болмысын есепке алатын, сапалы, икемді, білім алушылардың емтихандарды сәтті тапсруын әзірлейтін жүйе.