Қазақ филологиясы кафедрасының кәсіби бағдар беру және кафедра филиалдарымен жұмыс атқарғандығы жөніндегі 2016-2017 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы

есебі

Оқу жылының басында кафедраның кәсіби бағдар беру және кафедра филиалдарымен жұмыс жөніндегі жоспары жасалынып, бекітілді. Сол бойынша кафедра ұжымы І жартыжылдықта жұмыстанды.

«Қазақ филологиясы» кафедрасы бойынша 2016-2017 оқу жылындағы кәсіби бағдар жұмысы бойынша аудан және қала мектептері мен филиалдарына жауапты оқытушылар бекітілді. Сол сияқты көршілес облыс мектептеріне де жауапты оқытушылар тағайындалды. Іссапар мерзімдері де анықталды. Ол төмендегі кестедегідей:

Оқытушының аты-жөні

Лауазымы

Жауапты аудан және қалалық ЖОББМ атауы /№

Іссапар мерзімі

1

Сұлтаниязова И.С.

phD доктор, доцент

Базартөбе ЖОББМ (Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылы)

Желтоқсан, 2016 ж.

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

2

Мусина Ж.Ғ.

Аронов Қ.Ғ.

Магистр, аға оқытушы

Ф.ғ.к., аға оқытушы

С.Бабажанов атындағы ЖОББМ (Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылы) және Маңғыстау облысы және Атырау облысы мектептерімен байланыс жасау

Желтоқсан, 2016ж.

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

3

Алдашева Қ.

Сұлтанғалиева Р.Б.

Магистр, аға оқытушы

Ф.ғ.к., доцент

С.Меңдешев атындағы ЖОББМ (Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы) және Жаңақала ЖОББМ (Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы)

Қазан, 2016 ж.

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

4

Ержанова Ұ.Р.

Қабошева Н.А.

Ф.ғ.к., доцент

Магистр, аға оқытушы

Казталов ЖОББМ (Казталов ауданы, Казталов ауылы) және Бостандық ЖОББМ (Казталов ауданы, Бостандық ауылы)

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

5

Хасанов Ғ.Қ.

Қадырғалиев Ж.Д.

Ф.ғ.д., профессор

оқытушы

Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ (Қаратөбе ауданы, Қарақамыс ауылы) және Егіндікөл ЖОББМ (Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылы)

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

6

Раманова А.А.

Жұмашева К.Б.

Ф.ғ.к., доцент

Магистр, аға оқытушы

№10 ЖОББМ (Орал қаласы) және Қызылорда және Жамбыл облысы Тараз қаласы мектептерімен байланыс жасау

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

7

Тұрғаналиева Г.Г.

Ахатова Н.К.

Магистр, аға оқытушы

Магистр, аға оқытушы

№30 ЖОББМ (Орал қаласы), Орал гуманитарлық колледжі

Қазан-қараша 2016 ж.

Қаңтар-ақпан, 2017 ж.

8

Мұхамбетқалиева Р.Қ.

Ниязғалиева А.Ә.

Ф.ғ.к., доцент

Ф.ғ.к., доцент

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж (Орал қаласы) және Ақтөбе облысы мектептерімен байланыс жасау

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

9

Шайекенов Ж.Ж.

Дүйсенғалиева Н.Е.

Ф.ғ.к., аға оқытушы

оқытушы

Қараөзен мектеп-гимназиясы және Жалпақтал орта мектебі (Казталов ауданы) және Казталов, Жәнібек аудандары мектептерімен байланыс жасау.

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

10

Сисенбаева Р.Ж.

Дюсембина Г.Е.

Магистр, оқытушы

Магистр, аға оқытушы

Шыңғырау ауданы мектептері

Қаңтар – ақпан, сәуір-мамыр 2017ж.

Осы кесте бойынша оқытушылар өздеріне бекітілген мектептермен байланыс жасап отырды. Кейбір оқытушылар аудандарға іссапармен барып қайтты. Желтоқсан айында кафедра профессоры Ғ.Қ.Хасанов Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне барып, университет тарихы жайында, филология факультетінің мамандықтары жайында жан-жақты ақпарат беріп қайтты. Біздің университетті таңдап отырған түлектермен жеке-жеке әңгіме жүргізіліп, биылғы оқу жылындағы ҰБТ-ның ерекшеліктеріне тоқталды, қосымша пән бойынша кеңестер алуға шақырды.

Қазан айында кафедра профессоры п.ғ.д., А.С.Қыдыршаев Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында университеттің тарихы, кафедраның мамандықтары жайында мағұлматтар берілді. 2017 жылғы бітіретін түлектердің алдында үлкен тандау тұрғандығы жөнінде, биылғы түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін мектептегі қорытынды аттестациядан бөлек арнайы ҰБТ-дан өтетіндіктері жөнінде, қосымша жаңадан қосылған пәндерден емтихан тапсыратындары жөнінде ақпарат берілді.

Кафедра доценті Қ.Ғ.Аронов пен магистр-оқытушы Ж.Ғ.Мусина кестеге сәйкес С.Бабажанов атындағы ЖОББМ (Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылы) және Маңғыстау облысы және Атырау облысы мектептерінің басшылықтарымен ғаламтор арқылы байланыс жасап, мектеп бітіруші түлектер тізімі алынып, жасақталуда. Қазан айында Орал қалалық №38 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушыларымен өткізілген байқау тестісіне доцент Қ.Ғ.Аронов қатысып, мектеп түлектерімен университет жайында, филология мамандығының қыр-сыры туралы әңгімелесті. Ж.Ғ.Мусина қалалық №22 ЖОББМ түлектерімен қаңтар айында 4 курс студенттерін мемлекеттік сараманға алып барып, кафедра мамандықтарымен, ҰБТ ерекшеліктері жөнінде айта өтіп, ғаламтордағы университет сайты арқылы мағлұмат алып тұруға кеңес берді.

Желтоқсан айында кафедраның phD доктор, доцент Сұлтаниязова И.С. Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылындағы Базартөбе ЖОББ мектебінің 11 сынып түлектерімен кездесу өткізіп, 85 жылдық тарихы бар университет, кафедра мамандықтарымен таныстырып өтті. 2017 жылғы ҰБТ-ның өзгерістері мен дайындық жолдарына баса назар аударды. Базартөбе ЖОББМ 2016-2017 оқу жылында 18 түлек бітіргелі отырғандығы, соның ішінде «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына Аманжолова Данагүл, Алтаев Рустам, Кенжеева Аида, физика-математика кафедрасына Жоламанова Гүлжанар, «дизайнер» мамандығына Рахатова Аягүл тапсырғылары келіп отырғанын біліп қайтты.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша А.Раманова мен магистр-оқытушы К.Жұмашеваға қалалық №10 ЖОББМ пен Қызылорда, Жамбыл, Тараз қалаларының мектептері бекітілген болатын. Оқытушылар өздеріне бекітілген қалалық мектепке барып, бітіруші сыныптарға университет жөніндегі ақпараттық қағаздарды таратып келді. Биылғы 2017 жыл мектептегі сынып жетекшілерімен кездесті. Оларға қажетті мәліметтерді әрдайым беріп отырады. Қызылорда облысы бойынша Қазалы ауданындағы мектептердің электронды пошталарына университет жөніндегі ақпараттық қағаздар жіберілді. Мектеп басшыларымен сөйлесіп, қажетті мәліметтер ұсынылды. Бұл облыстың аудан мектептеріне іссапар көктем айларына жоспарланып отыр. Мектеп басшылықтарымен, пән оқытушыларымен кездесіп, ҰБТ-ға дайындық жөнінде әңгімелесті.

Кафедраның оқытушы-магистрі Г.Г.Тұрғаналиева өзіне бекітілген Орал қаласындағы №30 ЖББОМ-пен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Мектепте өткізілген ата-аналар жиналысына қатысып, университет тарихы жайында, кафедра мамандықтары жөнінде толыққанды хабарламалар жасап, мектеп түлектерін университет мамандықтарын таңдауға кеңесін берді. Сол сияқты Г.Т.Тұрғаналиева Орал қалалық №41 мектепке сараманға биылғы бітіретін 4 курс студенттерін апарып биылғы мектеп түлектерімен кездесіп, ҰБТ ерекшелігі жөнінде, дайындық кеңес алуға шақырды.

Кафедраның оқытушы-магистрі Ахатова Н.Х. Орал қаласындағы №30 ЖББОМ-пен, Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Колледж бітіретін түлектерге университеттің мамандықтарына жедел оқу түрінде оқуға түсу ережелері нақтылы түсіндірілді. Жедел оқу түріне де жыл сайын жеткілікті дәрежеде мемлекеттік гранттар бөлінетіндігі баса айтылды. 4 курс студенттерін мемлекеттік сараманға апарған кезінде №30 ЖОББМ түлектеріне университет, кафедра жөнінде артықшылықтар мен мамандық ерекшеліктерін айтып өтті. 2017 оқу жылындағы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер мен емтиханға дайындық жөнінде кеңес беріп, университет тарапынан дәрістер берілетінін айтып өтті. Мектеп басшылықтарымен кездесіп, ҰБТ-ға дайындық жөнінде әңгімелесті.

Кафедраның аға оқытушысы Ж.Ж.Шайекенов Казталов ауданы, Қараөзен мектеп-лицейімен үнемі байланыс жасап отырады. Орал қаласындағы №25 ЖОББМ түлектерімен, Орал-гуманитарлық колледж түлектерімен кездесу өткізді. Университет пен кафедра тарихы мен мамандықтар жөнінде кең мағұлмат беріліп, ҰБТ өзгешеліктері мен дайындық жоспарына баса назар аударды. Биылғы бітіретін түлектердің тізімін жасап, ғаламтордағы университет сайты арқылы мағлұмат алып тұруға кеңес берді. Мектеп басшылықтарымен кездесіп, ҰБТ-ға дайындық жөнінде әңгімелесті.

Қаңтар айының 23-і күні түс мезгіліне дейін университетіміздің бір топ оқытушыларымен бірге Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Чапаев ауданының №1 М. Әуезов ат. мектеп-лицейіне және №2 жалпы орта білім беретін мектептің, ал түстен кейін Федровка ауданы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстану барысында университетіміз туралы материалдар ұсынылып, Қазақ филологиясы кафедрасының педагогикалық бағытта мамандар даярлайтын 5В011700 – “Қазақ тілі мен әдебиеті”, 5В012100 - “Қазақ тілінде оқытпайтын мектептертегі қазақ тілі мен әдебиеті” және гуманитарлық ғылыми бағытта мамандар даярлайтын 5В020500 – “Филология” мамандықтары бойынша толығырақ мәліметтер берілді. Биылғы ЖОО оқуға қабылдау түрінің өзгеруіне қатысты өзгеріс турасында нақты түсіндірілді. Мәселен, емтихан тапсыратын тіл білімі+әдебиеті+тарих деп өзгергендігі баса айтылды. Мектеп бітіруші түлектердің қолына университетіміз бен оқытылатын мамандықтар туралы (әр мамандық бойынша бөлек жасалды) үлестірме материалдар таратылып, әр оқушыдан қай мамандыққа баратындығы туралы мәліметтер жазып алынды. Біздің мамандығымызға қатысты Чапаев ауданының №1 М. Әуезов ат. мектеп-лицейінен және №2 жалпы орта білім беретін мектептен екі оқушы, ал Федоровка ауданы орта мектебінің 3 оқушысы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына таңдау жасағылары келетіні жөнінде ниет білдірді (оқушылардың аты-жөні көрсетіліп, қолдары қойылған хаттама көшірмесі қоса берілді). Сәйкесінше, оқушылар мен мектеп оқытушыларының қойған сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауап берілді.

Сондай-ақ Қазақ филологиясы бөлімінің 4 курс студенттері 2016 жылдың 18-қаңтарынан бастап, педагогикалық сараманға шығады. Сол кезеңде осы студенттермен бірге бөлінген әдіскер оқытушыларды кәсіптік бағдар жұмысына тарту да жоспарланып отыр. Тек қала мектептерінде ғана емес, биылғы жылы көптеген студенттер өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі мектептерде сараманнан өтеді. Соған байланысты басқа облыстың аудандарына баратын машықкерлерге университет тарихы жөнінде буклеттер, факультет мамандықтары туралы мәліметтер, сауалнамалар, газеттер, хаттамалар беріп жіберілді. Бұл жұмыстың қорытындысы ақпан айының аяғында өз нәтижесін береді.

Кафедра оқытушылары тарапынан бекітілген кестеге сәйкес кәсіби бағдар, үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді.