ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

МҮТИЕВ Зейнолла Жақсылықұлы - доцент, филология ғылымдарының кандидаты

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ДЕКАНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

АЛЬМУРЗИНА Самал Серікқалиқызы - оқытушы, педогогика ғылымдарының магистрі

«Қазақ филологиясы» кафедрасының студенттік деканы:

Нұржанова Райхан Қанатқызы, ІІI курс cтуденті, мамандығы «Филология: қазақ тілі»

«Шетел тілдері» кафедрасының студенттік деканы:

Атшыбаева Жұлдыз Біржанқызы, ІІІ курс студенті, мамандығы «Шетел тілі: екі шетел тілі»

«Орыс филологиясы» кафедрасының студенттік деканы:

Кемешова Айша Амангелдіқызы, ІІ курс студенті, мамандығы «Филология: орыс тілі»

БОЛЖАУ – жылдар бойы жинақталған ең жақсы салт-дәстүрлерін басшылыққа ала филологиялық білімнің БҚО орталығы болу.

МИССИЯСЫ – білім беру, гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары кәсіби мамандарды дайындау.

ФАКУЛЬТЕТ СТРАТЕГИЯСЫ: миссия, пайым және БҚМУ даму басымдықтарымен анықталады:

1. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау;

2. Университетті аймақтық ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру;

3. Кадр әлеуетін және басқару жүйесін дамыту;

4. Инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базасын дамыту.

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

1. Білім қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету жолымен:

- нұсқаулар, курстық және дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертациялар арқылы сабақты сапалы өткізу;

- оқу жоспарларын жетілдіру;

- белсенді оқыту әдістері, ақпараттық технологиялар, мультимедиялық оқыту құралдарын енгізу;

- кафедраларда ғылыми бағыттар және ғылыми-зерттеу үйірмелері арқылы жұмыс істеу кезінде инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру.

2. Білім алушылардың азаматтық қалыптасуы үшін жағдай жасау.

3. Жетекші шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастықты кеңейту.

4. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату.

5. ПОҚ ғылыми әзірлемелерін коммерциялау.

6. Магистратура және докторантура арқылы ПОҚ біліктілігін арттыру.

7. Шетелдік мамандарды тарту.

8. Қазіргі заманғы оқу-зертханалық базаны және әлеуметтік инфрақұрылымды құру.

9. Ғылыми зерттеулер мен оқытуды ақпараттандыру.

ҚЫЗМЕТТІҢ БАҒЫТТАРЫ:

Біліктілігі жоғары және орта білім беру реформасын іске асыру үшін филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы белсенді атсалысады:

- ЖОО-ның кәсіби бағытта оқытудың әр пәні бойынша оқу жоспарын күшейтеді;

- студенттердің танымдық қызметін белсендіру мақсатында педагогикалық мамандығын меңгертіп, таныстыру; оларды қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен, білім беру мәселелерін жүргізіп, тақырыптық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу;

- оқушылардың ғылыми жобаларын басшылық жүзеге асырады;

- мамандандырылған мектептерде сабақтар өткізуге бағдарламаларды әзірлеу;

- мектептерде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін педагогтар мен оқушылар кеңестік көмек көрсетеді;

- оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына көңіл бөлу, олармен сабақ және консультациялар ұйымдастыру;

- аралық мемлекеттік бақылау жүргізу, кеңестер, қосымша сабақтар дайындығын бақылау;

- магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

- студенттер, магистранттар дайындау;

- мемлекеттік маңызды ғылыми-кешенді және өңірлік бағдарламаларды орындау;

- облыстық БАИ және ӨБҚ бірлесіп мұғалімдер біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жұмыс жүргізеді.

Факультет құрамына үш кафедра кіреді:

Қазақ филологиясы

Орыс филологиясы

Шетел тілдері

Бакалавриат мамандықтарының тізбесі:
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 Шет тілі: екі шет тілі
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В020500 Филология: қазақ тілі

5В020500 Филология: орыс тілі

Магистратура мамандықтарының тізбесі:
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
6М011800 Орыс тілі мен әдебиеті
6М011900 Шет тілі: екі шет тілі
6М020500 Филология: қазақ тілі

6М020500 Филология: орыс тілі

Мекен-жай: Достык-Дружба даңғылы, 162.
Телефон: 8 (7112) 513-062
Факс: 8 (7112) 514-266