“ШЕТЕЛ ТІЛІ” КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ, МИССИЯСЫ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ

Шетел тілі кафедрасының қалыптастыру және дамыту жұмыстары 1962 жылдан бастап мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуде. 1962 жылы біздің жоғары оқу орнында ағылшын тілі кафедрасы ашылды. (каф.меңгерушісі Г.И.Стамбекова болды). Кафедра құрамында Л.И Черкашина, И.Я. Девятова, Д.Ш. Есенгалиева, М.А. Хамитова және т.б. болды. Бір жылдан соң бұл құрамға Б.И. Лихобабин, Л.С. Кириллова, М.И. Палатов, Л.А. Копистко, М.В. Чечетко, К.А.Хабибуллина сияқты тағы да алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының түлектері қосылды. 1966-1967 оқу жылдарында бүкіл еңбек жолын шетел тілдерін оқыту ісі бойынша қызмет етуге арнаған, өз істерінің үздік мамандары А.С.Зыбина, Т.В.Ли, Е.А.Утешева, Т.И.Нурушева, Г.П.Нуралина, Н.П.Невкина, Н.К.Алехина кафедраға келіп, ұстаздық еңбек жолдарын бастады. 1972 жылы осы аталға оқытушылар шетел тілдері факультетінің алдыңғы қатарлы мамандары атанды. Олар жоғары санатты педагогтарды даярлауда өздерінің терең білімдерімен қатар, жан-жақты шеберліктерін де ұштастыра білді.

1970 жылы кафедра бұрынғы Кеңес Одағының басқа ЖОО-нан келген оқытушылармен толықты, олар: Буксбаум Б. Ж., Г. В. Симакова, Ларшин Н.М., Махнев Н.А.

Сол кезеңде шетел тілі факультетінде ағылшын, неміс, француз, испан тілдері оқытылды.

Ең алғашқы шетел тілдері факультетінің деканы кең лингвистикалық ой-өріске ие және латын, ағылшын, испан тілдерінен сабақ берген талантты да, дарынды маман иесі М.И.Палатов болды.

Шетел тілдері факультеті үш кафедрадан құралды. Олар ағылшын тілінің грамматикасы мен фонетикасы, ағылшын филологиясы және екінші шетел (неміс, француз) тілдері кафедралары болды. Бұл аталған кафедра меңгерушілері – Л.С. ириллова, Л.И. Копистко, Е.А. Утешова, Н.А. Кушкенбаев, А.Г. Абуханова, М.К. Бисималиева, Н.П. Невкина И.М. Минина, Н.Д. Дивина - Осипьян, А.Е. Ниязовалар болды.

1991 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 2002 жылы Қарашығанақ мұнай және газ кен орны мен Каспий құбыры консорциумы мұнай құбырын жалғайтын 635-километрлік экспорттық құбырдың құрылысы аяқталды (КҚК). 2003 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өндіріс орындарының Екінші кезеңінің ресми ашылу жылы болып саналды. Осы шетел елдерімен тікелей байланысы бар өндірістік орындардың ашылуына орай, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де аударма теориясы мен практикасы кафедрасының ашылуына бірден-бір себеп болды. Аталған кафедра 2003 жылы құрылып, кафедраның меңгерушісі шетел тілінің білікті де, білгір маманы филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Г. Абуханова болды. Сол жылдары кафедра Батыс Қазақстан өңірін ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның Батыс өңірлерін де аудармашы-мамандармен қамтамасыз етті.

Кафедра жанынан магистратураның ашылуы шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған бірден-бір талап болатын. Оқытудың кредиттік жүйесіне өту мен екі жылдық магистратурада мамандарды даярлау – жаңа мамандар тарту мен жаңа курстарды әзірлеуді талап ететін күрделі міндет. Бұл курстардан дәріс оқитын білікті мамандар: А.Г.Абуханова, М.В.Чечетко,М.В.Бисималиева,З.Ж.Аманбаева және т.б. 2003 жылы «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының магистратура бөлімі ашылды. Ең алғашқы магистрлік диссертацияларын қорғаған А.В. Дроздов және В.Т.Садреддиновалар болды. Ал содан соң, кафедраның білікті мамандарының жетекшілігімен оншақты магистрлік диссертациялар қорғалды. Ол жұмыстардың ғылыми тұрғыдан жан-жақтылығы мен мектеп жұмысымен тығыз байланыстылығы анық көрсетілді.

Ағылшын филологиясының оқытушылары мен аудармашыларының кәсіби қызметтерінің қайта құрылулары мен өзгерістеріне толы ұзақ жылдар кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарған М.В. Чечетко болатын. Ол, арасында үзілісті санағанда, жиырма алты жыл меңгеруші қызметін атқарды. Ол Саратов қаласының педагогикалық институтының түлегі, сонымен қатар, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің күндізгі бөлім аспирантурасын тәмәмдады. Оның оқыту бағыты оқу тілінің әдебиеті мен көркем әдебиетінің аудармасы және шетел тілі мен әдебиетін оқытуда драматизацияларды қолдану. Ол 70 ғылыми еңбектің, 4 әдіскерлік құралдың авторы, «Кітап» баспасында басылып шыққан Джейн Остер туралы кітаптың жауапты редакторы, көптеген дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың жетекшісі. М.В.Чечетканың театр саласында бойынша да білімі бар, көптеген жылдар университет ішінде құрылған «Вещие сестры» және «Эхо» атты театрлардың жетекшісі болып қызмет атқарды және шетел тілін оқытуда драматизацияларды қолдану туралы әдіскерлік құралдар дайындады.

Университетімізде шетел тілін оқыту ісіне қырық жылдан астам еңбек жолын арнаған білікті маман, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.В Ли болды. Ол көп жылдар шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі және шетел тілдер факультетінің деканы қызметін атқарды. Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің білікті маманы, Т.В.Ли Санкт-Петербордағы ПҒА-ның корреспондент мүшесі, көптеген дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың жетекшісі болды.

Факультеттің ұзақ жылдарға созылған тарихы көптеген жылдар бойы студенттерді оқытуда қолынан келгендерін аямаған, университеттің білікті де, көрнекті мамандарынан құралған. Солардың бірі, филология ғылымдарының докторы М.К.Бисималиева. Ол еңбек жолын қатарлы оқытушыдан бастап, шетел тілдер маманының бірінші дәрежелі докторын щеніне дейін көтерілді. Ол көптеген жылдар факультеттің фонетика мен грамматика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2004 жылдан кейін кафедраның меңгерушісі қызметін Н.Д.Дивина-Осипьян және А.Е.Ниязовалар атқарды.

50 жылдан астам уақыт ішінде кафедрада көптеген білікті мамандар қызмет атқарды. Аға оқытушы Т. И. Нурушева кафедрада 48 жыл қызмет еткен, қазіргі күнге өз қызметін айқын, әрі жігерлі, уақытымен жалғастыруда. Т. И. Нурушева – ағылшын тілінің практикасы мен грамматикасының тәжірибелі оқытушысы, тілдің салыстырмалы типологиясы, стилистика, функционалдық стилистика бойынша жетекші лектор, студенттерінің, сондай-ақ, қалалық және ауылдық мектеп мұғалімдерінің арасында үлкен беделге ие әдіскер, БҚМУ жинақтарындағы, жақын және алыс шетел университеттері жинақтарындағы 36 ғылыми мақаланың авторы, 36 жылдық тәжірибесі бар ең тәжірибелі тәлімгерлер. Ағылшын тіліндегі оқулықтардың авторы. Білікті де, тәжірибесі мол әдіскерлер қатарында Н.А.Махнева, оқытуда рольдік ойындарды қолдану әдістеріне арналған кандидаттық диссертациясын үздік қорғаған А.М.Ларшиналар болды. Неміс тілін оқытуда Н.А. Кушкенбаев, М.Б. Барадосова, А.Г. Якупова, Р.Б. Кинжеева, Д.К. Аубакирова, К.М. Шунайбековалар сияқты тәжірибелі оқытушылар сабақ беруде. Білімді жас мамандарды дайындауда лексикология пәнінен дәрістер оқыған, шетел тілін оқыту саласына бүкіл еңбек жолын арнаған тәжірибелі маман П.З Бужумова болды. Кафедрада 25 жыл еңбектенген француз және латын тілдерінен сабақ берген, екінші шет тілі әдістемесінің курсының оқытушысы С.Б.Бикенованы атап кетуге болады. Кисметова Г.Н. тәжірибелі басқарушы және де қазіргі таңда кафедра меңгерушісі болып табылады. Қызметтік өтілімі - 12 жыл. Ол 16-сы күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған оқу құралдары болып табылатын 98 ғылыми жұмыстың, 2 электрондық оқулықтың, 76 ғылыми мақаланың, РОӘК - мен мақұлданған 4 оқу құралының және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің сараптамасынан өткен тағы бір оқу құралдың авторы болып табылады. 2014 жылы оқу құралының 1000 данасы "Бастау" Ағылшын тілі (24.5 п.л.) баспа орталығында шығарылды. Ол Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында тәжірибеден өткізілді. Кисметова Г.Н. тек қана кафедра меңгерушісі болып табылмайды, сонымен қатар, отандық және шетелдік басылымдарда орын алып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. 2016 жылы "Postmodernism trend in Kazakh novels" (On the basis of novels "Zharmak" by M. Magauin, "Deceptive world" by S. Elubay, "Flowers and books by D. Amantay"), нөлдік емес импакт-факторлы The Social Sciences журналында мақаласы жарық көрді. 11(20): 4808-4813 pp, 2016. ISSN: 1818-5800. Medwell Journals, 2016. Scopus.

2013 жылы “Ыбырай Алтынсарин” төс белгісімен марапатталды. Кисметова Г.Н. студенттері мен басшылық етіп отырған әріптестерінің арасында үлкен беделге ие.

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

"Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша студенттерді дайындау жұмыстары 1962 жылдан бастап жүргізілуде. Біздің түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеуде. Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алу кезеңінде педагогикалық училищелер түлектерін оқыту қажеттілігін туындатты. Осыған байланысты 2000 жылы осы мамандық бойынша ашылған қысқартылған оқыту түрі ашылды. арнайы орта білімді түлектер кемінде үш жыл ішінде жоғары білім алуға мүмкіндіктері бар болды, ал күндізгі және сырттай оқу бөлімінің түлектері жоғары білімді 2 жыл ішінде алды. Мұндай мамандарды даярлау жүйесі өңірімізде орналасқан мектептерді, колледждерді мамандармен толықтай дерлік қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Нормативтік оқу мерзімі – 4 жыл. Кафедра білім беру бағдарламасын ҚР МЖБС 6.08.075-2010 және 2014 жылғы типтік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырып отырды.

Бүгінгі таңда оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- күндізгі бөлім (бакалавр) – 3 жыл (қысқартылған), 4 жыл;

- сырттай бөлім (бакалавр) – 2,3 (қысқартылған).

"Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша оқуын аяқтаған түлек "білім беру бакалавры" дәрежесін ала алады. Сонымен қатар, түлектерде қосымша білім беру бағдарламалары бойынша мамандық алу мүмкіндігі бар, олар: аударма ісі, неміс тілі / француз тілі, гид-аудармашы. Бітірушілер ағылшын, неміс және француз тілдері бойынша жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, гимназияларда оқытушы , жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда кіші ғылыми қызметкерлер, компанияларда шет тілдерінен аудармашыретінде жұмыс істей алады.

6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

6М011900 "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша студенттерді дайындау жұмыстары 2003 жылдан бастап жүргізілуде. лицензиясы – 12019665, 2012 жылғы. Кафедра білім беру бағдарламасын ҚР МЖБС 7.09.142-2010 және 2013 жылғы типтік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырып отырды.

6М011900 "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша оқуын аяқтаған түлек “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады.

Мемлекеттік саясат принциптерін жүзеге асыру мақсатында және өңірлік университет шеңберінде жоғары білімнің қазіргі заманғы моделі болуда БҚМУ-да жүйелі түрде стратегиялық құжаттар, бағдарламалар мен жоспарлар әзірленуде, қабылдануда және жаңғыртылуда.

БҚМУ сапасы саласындағы саясат мемлекеттік білім сапасы мен университеттің миссиясына қойылатын талаптарға негізделеді.

БҚМУ миссиясы: Қазақстанның ежелгі жоғары оқу орындарының бірін сақтау және еуразиялық мәдениетаралық диалог идеясы және ұлттық келісім негізінде олардың дәстүрлерін сақтау М. Өтемісов атындағы БҚМУ-не өңірлік жаңғырту орталығы болуға мүмкіндік беретін. Алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары мен қазіргі заманғы білім беру инфрақұрылымын пайдалана отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау, әлеуметтік-гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану және техникалық білімді жинақтау және тарату.

Бұл ретте стратегиялық мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылым интеграциясы, жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті білім және өндіріс негізіндегі саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады. Сапа кепілдігі саясаты ғылыми зерттеулер мен оқыту арасындағы байланысын көрсетеді, ол өз кезегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және білім беруде олардың нәтижелерін айқындайды.

"5В011900/6М011900 Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасының миссиясы жоғары білім беру саласы қызметтерінің жоғары білім беруде сапалы білім беруге қол жеткізу және ұсыну, жоғары білім беру саласында лидерлік ұлттық кеңістіктеде кадрларды бакалавриат мамандығы бойынша дайындау Болон процесінің және заманауи сапа стандарттарының принциптерін жүзеге асыру арқылы болып табылады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: танылған халықаралық қоғамдастық ұсынған деңгейде шетел тілдерін меңгерген және ҚР қоғамЫның қажеттіліктеріне жауап беретін мамандарды қалыптастыру, оған мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізу болады:

1. Оқытылатын әрбір тілдер шеңберінде мыналарды меңгерген маманды қалыптастыру:

1.1. Еуропалық стандарт талаптарына сәйкес базалық шетел тілін;

1.2. Бакалавриат пен магистратураны оқыту арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуде академиялық мақсаттар үшін шетел тілін;

1.3. Шектеулі мамандыққа сәйкес арнайы мақсатта шетел тілін.

2. Шет тілдерін оқытудағы ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, халықаралық-қабылданған дәрежедегі көзқарасты енгізу.

3. Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығын скере отырып, оқытудың мазмұнын анықтау.

Миссиясы ҚР Мемлекеттік жалпы білім беретін стандарты мен университетті даму Бағдарламасы бойынша айқындалған. Кафедраның стратегиясының мақсаттары мен міндеттері университеттің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес. Негізгі стратегияның мақсаты – "Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеулік, тәрбие саласындағы қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылым интеграциясы, жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті білім және өндіріс негізіндегі саласында жүзеге асыру болып табылады". Бұл міндет инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын енгізу, сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету және ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.