Елордадан жүлделі қайтты

12 сәуір – Ғылым күні. Еліміздегі барлық ЖОО-ларда ғылым апталығы ұйымдастырылған болатын.  Астана ұаласындағы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Халықаралық «Ғылым және Білім» атты жас ғалымдар конференциясы өтті. Біздің М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың намысын қорғап магистр-аға оқытушы Г.Г.Тұрғаналиева бастаған топ осы конференцияға қатынасып қайтты. Наби Али, Аликенов Дидар, Татаханова Айдана, Лесов Наурызбек сынды ғылым жолында жүрген студенттеріміз өз ғылыми мақалаларын Елордамызда қорғап қайтты. Лесов Наурызбек ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, барлық қатысушылар Халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.