Бас жүлде Батыста қалды

Алаш сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық  «Отанға,  туған  Далама  жыр арнау – қарыз, борышым» атты  студент-ақындар мүшәйрасы сәуір айының 24-жұлдызында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 20 студент-ақын қатынасты. Филология факультетінен 8 студент қатынасып, барлығы үздік өнер көрсетті. 4-курс студенті Ерманова Жадыра бас бәйгені жеңіп алды.