Дәстүрлі түрде университетімізде «Студенттік көктем-2014» сталантты студенттер апталығы оздырылды. Филология факультетінің талантты студенттері өз өнерлерін паш етіп, облыстық «Студенттік көктем – 2014» конкурсына жолдама алды. Облыстық сайыстада үздік нәтижелерге ие болды. Мәселен, «Үздік патриоттық ән» номинациясы бойынша Таймуханова Ақбаян жүлделі ІІ орын алды, «Көркемсөз оқу шебері» номинациясы бойынша Әмірашев Нүркен ІІ орын алса, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Демесінова Самал ІІ орынды иемденді. Біздің факультеттің жігіттерінен құралған КТК командасы І орынға шықты. Ал «Үздік жүргізуші» номинациясы бойынша факультетіміздің мақтаныштары Капезова Дина мен Оралтаев Алпамыс «Үздік жүргізуші» атағына ие болды. Толағай табыстарымыз осындай!