2016 жылдың 19 ақпан күні Қазақ филологиясы кафедрасы бойынша сағат 16:00-де ашық есік күні шарасы өткізілді. Шара барысында кафедра тарихы туралы бейнефильм көрсетілді. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Абибуллақызы алғыс сөз сөйлеп, кафедра оқытушыларымен таныстырып өтті.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құспан Ғұмарұлы кафедраның кәсіби бағдар жұмысына тоқталып өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық студенттер күніне ұйымдастырылған шарада ІІІ орынды иеленген, ақындық қырын шабыттандырып жүрген Фил-13 тобының студенті Ғилымханов Марлен түлектерге өзінің шығарған жыр шумақтарын оқыды. Қазақ филологиясына келуін, сонымен қатар бойларындағы таланттарын шыңдауға оқытушылардың көмектесетінін айтты. Факультетіміздің белсенді студенттерінің бірі 02205-топ студенті Шығыров Асланбек түлектерге арнау өлеңін оқып, түлектеріміздің көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Облыстық, университетішілік шараларға белсенді қатысып, облыстық қазақдрама театрының жанынан құрылған «Жастар театрында» өзінің өнерін көрсетіп жүрген 02305 – топ студенті Таймұханова Ақбаян әсем әуенін оқытушылар мен түлектерге арнап, ықылас тілегін айтты.

Шарамызды әрі қарай қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттік деканы Нұржанова Райхан жалғастырды. Қызығушылық танытып, барлық шараларға белсенді қатысып, факультетішілік, университетішілік жүлделі орындарға ие болып жүрген мамандық студенттерімен таныстырды. 1 курс студенттері: Аманжолов Әнуар, Серік Жұбаныш, Қалдыбай Ақтілеу өздерінің арнау өлеңдерін оқыды.

Ашық есік күніне қала мектептерінен төмендегіше оқушылар келіп қатысты:

1. № 40 ЖОББМ

1. Бекбулсинова Малика

2. Идиятова Аян – 8 702 9022454;

3. Қабылбекова Айдана – 8 747 0699098;

4. Қожабекова Раушан – 8 777 2791222.

2. №37 ЖОББМ

1. Нәсіпқали Айтолқын – 8 747 7523891

3. №43 ЖОББМ

1. Дарғали Әсем – 8 705 2012428;

2. Утепбергенова Ару – 8 701 6047074

4. №36 ЖОББМ

1. Сайхалова Назира – 8 702 3619944

5. С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған №11 ЖОББМ

1. Серікбаева Жұлдыз – 8 702 8019356

2. Кобландиева Ақмаржан – 8 747 0699913

6. № 10 ЖОББМ

1. Ермекқали Ырысбек

2. Садиков Нұрсұлтан

7. Новенький ЖОББМ

1. Сайын Айдархан – 8 747 5377312

8. Махамбет ат. сауықтыру ЖОББМ

1. Талғатова Айнұр

9. №47 ЖОББМ

1. Айсағали Жансая – 8 778 3132218

10. №4 ЖОББМ

Бекблсинова Малика – 8 708 8171955

Жоғарыда аты-жөні келтірілген мектеп оқушылары бүгінгі таңда біздің оқу орнын таңдайтындықтарын айтты.

Шара соңында түлектер жоғары балл жинап, өр рухты Махамбет бабамыздың атымен аталатын университетіміздің қазақ филологиясы кафедрасына түсуіне ниет білдірді.