Орал қаласы – еліміздің әкімшілік, мәдени, ғылыми, білім орталығы екені белгілі. Музей - мәдени мекеме, ол өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтап, сақтайтын, жиналған құжаттар мен жәдігерлерді зерделеп, зерттейтін, оны келешек ұрпаққа жеткізетін, тәлім-тәрбие беретін әлеуметтік орын. 4 қазанда факультетіміздің ҚТӘ-13, Фил-13, ҚТОМҚТӘ-11топ студенттері мен кураторлары –Сисенбаева Р.Ж., Ахатова Н.К., Тұрғаналиева Г.Г. Орал қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайы барып қайтты.

Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 170 жылдық тарихы бар көне музейлердің бірі. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1836 жылы құрылды. Музей орналасқан ғимарат 1879 жылы мавритан стилінде салынған сәулет ескерткіші болып табылады. 1 курс студенттері мұражай ішіндегі бөлімдермен танысты. Айта кетсек, ғылыми қор бөлімі; көрме залымен; Кіші жүз тарихы залы; Бөкей Ордаы тарихының залы; Кеңестік тарихы кезеңінің залы; Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы ; археологиялық қазба жұмыстарынан шыққан б.д.д.ІV-ІІғғ. алтын әшекейлер; ХVІІІ-ХІХғ.ғ ертедегі кітаптары, қолөнер туындылары, ұлттық киімдер, қазақ жауынгерлерінің қару-жарақтары; ХҮІІІ-ХІХғ.ғ ыдыс-аяқ; ХVІІ-ХІХғ.ғ-икондар, казак әскери қарулары; казак әскерлерінің тулары; күйші Сейтектің домбырасының көшірмесі, Қазақтың тұңғыш заңгері Б.Қаратаевтің жеке заттары; Ақжайық өлкесінен шыққан ақын-жаузшылар: Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әлидің жазу құралдары; XVIII-XIX ғғ. зергерлік бұйымдары мен үй жиһаздары, суретшілер Хлудов, Ж.Аралбаев, С.Ғұмаров, М.Жоламанов, А.Гурьев т.б. суреттерін өз көздерімен көріп, тамашалап қайтты.

Сонымен қатар, ҚТӘ-11 кураторы-Алтыбайқызы М. Қадыр Мырза Әлі орталығындағы ақынның мұражайына барып қайтты. Орал қаласында 2015 жылы ашылған Қадыр Мырза Әли орталығының мұражайында да болып қайтты. Ол жердегі Қадыр Мырза Әлінің жекелеген кітаптары мен фото-суреттерін тамашалады.

Болашақ тіл мамандары өнер-білім, мәдениеттің ошағына айналған Орал қаласының мұражайларына барып, рухани азық жинап қайтты.