Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының 60 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімі мәселелері және Батыс Қазақстан ономастикасы» тақырыбындағы өткізілетін дәстүрлі V облыстық ғылыми-әдістемелік семинар

Орал қаласы, Достық даңғылы, 162, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, №1 ғимарат, 2-қабат, 205-мәжіліс залында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері, өлкетанушы, тілші-ғалым Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының 60 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімі мәселелері және Батыс Қазақстан ономастикасы» тақырыбындағы өткізілетін дәстүрлі V облыстық ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

Қатысушылар қатарындаМ. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Орал қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің филолог-педагог ұстаздары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранттары мен студенттері, Қоғамдық-бұқаралық жұртшылық өкілдері болды. Модератор М. Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультетінің деканы,филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы жүргізді. Ең алғаш сөз алғанМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлы мерейтой иесін құттықтады. Құттықтаудан соңТілші-ғалымның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған «Батыс Қазақстан облысының ономастикалық кеңістігі» атты ғылыми–көпшілік монографиясының тұсаукесері салтанатты түрі өтті.Орал қаласының әкіміТөреғалиев Нариман Төреғалиұлы келіп, облыс үшін атқарған Ұлдай Рысқалиқызының еңбектерін санамалай келе «Алғыс хат» табыстады. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Құрметті профессоры Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызысөз алып, өнегелі әңгімесін өрбітті.

Баяндамашылар:

1. ӘЖІҒҰЛОВ Мұхтар – Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, соғыс және еңбек ардагері Жер-судың аты – халықтың хаты

2. НИЯЗҒАЛИЕВА Ақзия Әділқызы - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Ұстаз. Ана. Ғалым

3. САБЫР Мұрат Бөқенбайұлы – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

Бүгінгі қазақ онамастикасының өзекті мәселелері

4. ЖАҚСЫҒАЛИЕВ Жаңабек ЖаңабайұлыМ. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық онамастикалық комиссия мүшесі

Орал өңірі онамастикасы: іргелі ізденіс һәм соны пайым (зерттеуші ғалым Ұ.Р. Ержанованың монографиясы мысалында)

5. СӘРСЕНҒАЛИЕВ Абдрахман Сәрсенғалиұлы – еңбек ардагері

Облыс онамастикасының ахуалы, бүгінгі бағдары

6. МҰҚАНОВ Құсайын Ізімұлы – облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер

Ақжайық өңірінің топонимикасы туралы бірер сөз