Филология пәндерін оқыту институт құрылған уақыттан бері жүргізіліп келеді, ал 1934 жылы қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін дайындайтын дербес факультет ретінде қайта құрылды. Факультетті В.С.Бойко басқарды, сондай-ақ ол тіл, әдебиет  кафедрасына жетекшілік етті.
1936 жылы факультет құрамында екі кафедра (каф.мең.П.Т.Иванов) және әдебиет кафедралары болды. Факультет қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауды жалғастырды.
1938 жылы тіл кафедрасынан үшінші қазақ тілі кафедрасы бөлініп шықты, оны М.Қалқаров басқарды. Бір жылдан кейін факультетте аспирантура ашылды. Аспирантураға орыс тілі кафедрасының меңгерушісі К.А.Утехина жетекшілік етеді.
1942 жылы филология факультеті тарих факультетімен біріктіріліп, декан ретінде Ф.Н.Серов тағайындалды. Соғыс уақытының қиын күндерінде Ф.Н.Серов оқу-тәрбие үрдісін ғана ұйымдастырушы емес, сонымен қатар соғыс жағдайына қатысты және соғыстың зардаптарын қалпына келтіру мақсатындағы көптеген жұмыстардың басы-қасында болды. Бұл жылдары студенттердің мамандықтарында, оқу жоспарларында өзгерістер жүрді. 50-жылдары тарих факультеті жабылып қалды, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына студенттер жиналмады. 1956 жылы факультетте 5 жылдық оқу үрдісі енгізілді. Көп профильді және орыс тілі мен әдебиеті, тарих, «орыс тілі мен әдәбиеті», қазақ тілі әдебиеті, тарих тәрізді. Факультет «Тарих филология» аталып, институттағы ең ірі орталық болды. Ф.Н.Серов 1962 жылға дейін декандық қызмет атқарды.

Оқытушылар саны бірте-бірте арта түсті, соның ішінде ғылыми дәрежесі бар кандидаттар көбейді. С.А.Ақмурзин, Г.А.Абуханов, Н.М.Малеча, М.М.Тілеужанов,  Е.Е.Самеринский, Н.И.Фокин, т.б. кандидаттық диссертацияларын қорғады. КССРО ҒА-ның тапсырмасымен диалектологиялық атлас бойынша жұмыс жанданып, фольклорлық-диалектологиялық практика ендірілді.

1962 жылы факультет декандығына М.М.Тілеужанов таңдалды.

Ол өзінің әріптестеріне талапшылдығы мен қаталдығы арқылы көрінсе, студенттерге жылылық, әкелік қамқорлықпен қарады. М.М.Тілеужановпен бірге оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстарына декан орынбасарлар М.К.Қыдырбергенов, Е.Н.Коротин де ат салысты. Жаңа оқу жоспарлары мен жаңа мамандықтардың енгізілу ісіне олардың қосқан үлесі ерекше болды (1964 жылы шағын профильді мамандар және 4 жылдық оқуға қайта көшті). 60-жылдары факультетте оқыту жоғары көрсеткіштерге жетті. Сол жылдардың түлектері үздік білімділігін көрсетіп қоймай, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты. Олардың қатарында Н.П.Скачкова, Н.А.Кяуэ (комсомол комитетінің мүшелері), М.Егорова (әдебиет кафедрасының оқытушысы), В.Афанасьев (кейін т.э.к),Н.М.Шербанов, Н.С.Жигалин, К.К.Биалиева, С.Сапарғалиев, К.А.Агелеуов, А.П.Анищенко. т.б көптеген студент-жастарды ерекше атауға болады. Комсомол ұйымының  А.Востряков, А.Молинников, С.Сапарғалиевтер институттың студенттік кәсіподағының өкілдері болса, А.Т.Усов институт комсомол комитетінің хатшысы болды.

60 жж. 2-ші жартысында А.И. Белыйдың жетекшілігімен құрылған студенттік театр күш жинап, танымал бола бастады. Кейін онда М.В. Чечетко қызмет етті. Бұл театр «Халықтық театр» атағын алып, жалпыресейлік театр қоғамдастығы кортотекасына кірді. Мұнда басты рөлдерде Светлана Клейменова ойнады, ол ректордың шешімімен ГИТИС-ке барып, байқаудан өтіп, оны ойдағыдай аяқтап, Ю.Любимовтың ұсынысымен Тачанкеудегі Москва театрына группаға қабылданды.

1962 жылы факультетте шетел тілдері бөлімі ашылды. Шетел тілдері бөлімі ашылған кезеңге дейін облыста жоғары білікті бірде-бір маман болмады.

Ағылшын тілі кафедрасы құрылды (каф.мең.Г.И.Стамбекова, келесі оқу жылында Б.И.Лихобаин).
1966 жылы тарих-филология факультетінің құрылымынан шетел тілдері факультеті өз алдына факультет ретінде бөлініп шықты. 80-90 жылдары ол тарих–филология факультетінің құрамына кіреді (декан, доцент  А.П.Анищенко, декан орынбасары Б.Г.Буксбаум).
Жоғарыда көрсетілген барша өзгерістер филология факультетімен байланысты.1975 жылы тарих және педагогика факультеті бөлінді. Мамандарды даярлау орыс және қазақ филологиясы бойынша жүргізілді, оның ішінде ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындауға көп көңіл бөлінді. Факультет деканы тарих  ғ.к Ж.С.Серикопов болады.
80 жылдардың 2-ші жартысында факультеттерді ірілендіру қолға алынып, күндізгі оқу бөлімінде  1200 студенттен тұратын тарих-филология факультеті қайта құрылды. Бұндай ірі әрі мамандықтар саласында үлкен айырмашылықтар бар факультетті басқару өте күрделі болғандықтан, тарих және филология факультетінің бөлінуі өзінен-өзі жүрді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарына сұраныстың артуына орай, 90-шы жылдары филология факультеті қазақ филологиясы (декан, доцент С.Ғ.Шарабасов) және орыс филологиясы (декан, доцент Н.С.Жигалин) болып екіге бөлінді. 90-жылдар ортасында факультеттер қайта біріктіріліп, сәл кейіннен филологияның құрамына шетел тілдері бөлімі енгізілді (декандар: С.Ғ.Шарабасов, Ж.С.Серіков, А.С.Қыдыршаев, Ж.Ж.Шайекенов).

2011 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін факультетті педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Утегенова басқарып келеді.

Бүгінде факультет – университеттің ірі оқу-ғылыми бөлімшелерінің бірі. Оқыту бакалавриаттың 7 мамандығы мен магистратураның 4 мамандығы бойынша жүргізіліп келеді. Факультетте негізгі және қосымша зерттеулер жүргізіледі. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті. 
Филология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы 54 жоғары білікті мамандардан, дарынды педагогтар мен ғалымдар – ғылым кандидаттары мен докторлары, филология магистрлерінен тұрады, олар - Абузяров Р.А., Бисималиева М.К., Кыдыршаев А.С., Хасанов Г.К., Абуханова А.Г., Ажгалиев М.К., Аронов К.Г., Биалиева К.К., Бозбаева А.Г., Выдрина Н.А., Даминова Л.К., Даришева Т.М., Донскова Г.А., Ержанова У.Р., Жигалин Н.С., Латыпова Р.Х., Мамыров А.И., Мутиев З.Ж., Мухамбеткалиева Р.К., Ниязгалиева А.А., Умарова Г.С., Утегенова К.Т., Шайекенов Ж.Ж., Шарабасов С.Г., Чечетко М.В. және басқалар. Бұл лингвистикалық қабілетті, әдістемелік шеберліктерін үнемі шыңдап отыратын, импровизацияны сүйетін оқытушылар жоғары білікті педагог мамандарды даярлауда факультеттің табысқа жетуіне септігін тигізеді. 
Факультет студенттері – мақтанышымыз. Олар республикалық олимпиадалардың, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары, айтыс өнерінің, ақындар және дебат турнирларының гран-при иегерлері және жеңімпаздары.

Академиялық ілкімділік бағдарламасы бойынша студенттер Германияға (Майнц қаласы), Польшаға (Быдгощ қаласы), Ресейге (Башқұртстан, Уфа қаласы) барып тұрады. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенті Бигалиева Самал Америкада  (Вирджиния штаты, West Liberty University), Мусина Жаннат Германияда магистратурада (Гамбург қаласы), Курмангали Фариза, Есбергенова Гульнар, Шарабасова Гульниса  Англияда оқып жатыр. 
Біздің ғалымдар дәріс оқу үшін Башқұрт мемлекеттік университеті және  Астрахань мемлекеттік университетіне барып тұрады. Жыл сайын филология факультетінде алыс және жақын шет елдің алдыңғы қатарлы ғалымдары дәріс оқиды және семинарлар жүргізеді. Олардың қатарында: Карл Кайнер (Германия, И.Гуттенберг ат.университет,  Майнц қаласы),  Бернахард Динсберг (Германия, Бонн университеті),  Дэвид Нортон (АҚШ, Калифорния университеті), Л.Г.Саяхова (Ресей, Башқұрт мемлекеттік  университеті), Габидуллина А.Р. (Украина, Донбасс мемлекеттік педагогикалық  университеті).

Факультет мамандарды сапалы оқытуға қажетті барлық құрал-жабдықпен: мультимедиялық лингофон кабинеттерімен, интерактивті тақталармен, LCD бейнепроекторлармен қамтамасыз етілген. «Махамбет» ғылыми орталығы, оқу-лингвистикалық зертхана жұмыс жасайды.

Қос диплом алу, академиялық ауысым, ғылыми жобалар бағдарламаларын жүзеге асыруда факультеттің стратегиялық серіктестері Калифорния университеті (АҚШ), И.Гуттенберг ат.университет (Германия, Майнц),  Ресей халықтар достығы университеті (Москва), Казань Федералды университеті, (Ресей, Казань), Башқұрт мемлекеттік университеті (Ресей, Уфа),  Астрахань мемлекеттік университеті (Ресей), М.Ибрагимов ат.тіл, әдебиет және өнер институты (Татарстан, Казань) және басқалары болып табылады.  
Филология факультетінде оқыту әрқашан заман талабына сай, болашақ мамандарды даярлаудағы сұраныстарға жауап бере алатындай жүргізілді. Қазіргі уақытта факультеттің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі көптілді білім беру, халықаралық байланыстарды қалыптастыру және ғылыми әлеуетті дамытуға күш салу болып отыр.

Осы университет тарихында филология факультеті әрдайым болашаққа оптимистік көзқараспен және таусылмас күш-жігермен, адал ниетпен жұмыс істеп келеді.

FaLang translation system by Faboba
  • 1