Факультет деканы: Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы

Доцент, филология ғылымдарының кандидаты.

 

Факультет деканының орынбасары: Турегалиева Светлана Габбасовна, орыс филология кафедрасының оқытушысы

«Қазақ филологиясы» бөлімінің студенттік деканы: Алтыбайқызы Мөлдір, ІІІ курс студенті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

«Шетел тілдері» бөлімінің студенттік деканы: Набиулина Зульфия Сабировна, ІІ курс студенті, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы

«Орыс филологиясы» бөлімінің студенттік деканы: Курбанова Мадина Таиржановна , І курс студенті, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы

МИССИЯ: Білім беру, гуманитарлық бағыттары бойынша білім беру негізінде осы салаларға жоғары кәсіби мамандарды дайындау ісінде интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық ресурстарды біріктіруді жүзеге асыру.

МАҚСАТЫ: Білім беру, гуманитарлық ғылымдары бағыттары бойынша жоғары кәсіби білімді мамандар дайындау.

МІНДЕТТЕРІ:
- гуманитарлық ғылым бағыты бойынша білім беру негізінде жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындау;
- алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын енгізу бағытында интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық ресурстарды үйлестіру;
- ақпараттанған жүйе саласында педагогикалық білім беретін бірыңғай саясатты жүзеге асыру;
- ең жаңа ақпараттық білім беру технологиясын меңгеру үшін орта, арнайы білім беретін мекемелерге кеңес беру және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету;
- менеджмент сапа жүйесі саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру.

ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ:
Филология факультеті профессор-оқытушылар құрамы жоғары және орта білім беру реформасын жүзеге асыруда төмендегі қызметтерге белсенді қатысуда:
- жоғары оқу орнының оқу жоспарындағы әрбір пәннің оқытылуындағы кәсіптік бағытты күшейту;
- студенттің танымдық қызметін арттыру мақсатында педагогикалық мамандықты меңгеруде оларды қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен, білім беру мәселелерімен таныстыру, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу;
- мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына басшылық жасауда жүзеге асыру;
- арнайы мамандандырылған мектептерде жүргізілетін сабақтардың бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- педагог және оқушылардың мектептерде ұйымдастырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына көмек көрсету;
- ҰБТ-ге қатысушыларды дайындауға үлкен көңіл бөлу, олармен сабақтар және кеңестер ұйымдастыру;
- Мемлекеттік аралық бақылауға дайындықты қадағалау, қосымша дайындық сабақтарын жүргізу, кеңестер беру;
- магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
- cтуденттер, магистранттар даярлау;
- аймақтық және мемлекеттік маңызы бар ғылыми кешенді бағдарламаларды орындау;
- облыстық кадрлардың білімін жетілдіру және кадрларды қайта дайындау институтымен бірге мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта дайындау жұмыстарын жүргізу.

Факультет құрамына үш кафедра кіреді:

Қазақ филологиясы

Орыс филологиясы

Шетел тілдері

Филология факультеті мына мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:
- 5В011700  - Қазақ тілі мен әдебиеті;
- 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
- 5В020500  - Филология: қазақ тілі;
- 5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті;
- 5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
- 5В020500 - Филология: орыс тілі;
- 5В011900 - Шет тілі: екі шет тілі.


Магистратура мамандықтары:
6М011700     Қазақ тілі мен әдебиеті,
6М011800     Орыс тілі мен әдебиеті,
6М011900     Шет тілі: екі шет тілі,
6М020500    Филология.

МЕКЕН-ЖАЙЫ: Орал қ., Достық даңғылы, 162.
ТЕЛЕФОН: 8(7112) 513-062
ФАКС: 8(7112) 514-266

FaLang translation system by Faboba
  • 1