Филология факультеті  профессор - оқытушылар құрамы мен студенттерінің 2014-2015 оқу жылындағы академиялық ұтқырлығы шеңберіндегі жүргізілген жұмыстары туралы

Академиялық ұтқырлық қазіргі заманғы білім берудің ажырамас бөлігі болып саналады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы университет миссиясын орындауға, жоғары білім берудің сапасын жоғарылатуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін көтеруге, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық үрдерістер мен байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.

Филология факультетінде түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға аса мән беріледі. Факультетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарымен, алыс және жақын шетелдердің университеттерімен халықаралық ынтымақтастық келісімі аясында жолға қойылған.

Студенттердің академиялық ұтқырлығы

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шығуы

1.«Болашақ» бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық бойынша Гамбург университетінде (Германия, Гамбург қ.) Жаннат Мусина (2010-2011, 2011-2012), Эксетор университетінде (Ұлыбритания, Эксетор қ.) Гүлниса Шарабасова (2013-2014, 2014-2015), Лондонның Сити университетінде Фариза Құрманғали (2013-2014, 2014-2015), Эссекса университетінде (Солтүстік Ирландия, Колчестер қ.) Гүлнар Есбергеновалар магистратурада «Шет тілі» мамандығы бойынша білім алуда.

2.«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 03302б-топ студенті М.Канатова Tosca-2 бағдарламасы бойынша ұтып алған гранты есебінен 15.09.2013 – 30.07.2014ж. аралығында Адам Мицкевич университетінде (Польша, Познань қ.) оқыды.

3.«Шет тілі» мамандығының 03301-топ студенттері У.Төлешова, М.Құсайынова, М.Насиповалар 01.10.2013 - 01.04.2014ж. аралығында Й.Гуттенберг атындағы университетте  (Германия,  Майнц қ.) білім алды.

4.10.02.2014-15.03.2014ж. аралығында Г.С.Умарованың жетекшілігімен «Филология: орыс тілі» мамандығының ІІ курс студенті А.Криуля Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті Филология және журналистика институтында 9 пән бойынша 72 сағат көлемінде дәріс тыңдады.

5.Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2014-2015 оқу жылының І семестрінде (01.09-31.12.2014) «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 02405-топ студенті Тасқалиева Анель Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде семестрлік оқудан өтіп келді.

6.20.09.2014-20.01.2015ж. аралығында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының ІІ курс студенттері А.Елубаева мен А.Қанат Лондон менеджмент және ғылым академиясында (Ұлыбритания, Лондон қ.) білім алды.

7.01.10.2014-01.04.2015ж. аралығында «Шет тілі» мамандығының ІІІ курс студенті Д.Қапезова, ІІ курс магистранттары Р.Ситалиева мен А.Қалиева академиялық алмасу бойынша Й.Гуттенберг атындағы университетте (Германия, Майнц қ.) оқыды.

8.03.11.2014-28.11.2014ж. аралығында «Филология: орыс тілі» мамандығының ІІІ курс студенті Л.Шынғалиева және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІ курс студенті К.Сырица И.Н. Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университетінде оқыды.

 

9.02.02.2015-15.05.2015ж. аралығында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының ІІ және ІІІ курс студенттері Д.Ибатова, Қ.Мажитова, Ә.Сәрсенғалиева, Т.Тілегенова, Б.Өтегенова, А.Юсуповалар және 01.04.2015-15.05.2015ж. аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенттері С.Бекетаева, Л.Мұрсалимова Қалмақ мемлекеттік универсиетінде (РФ, Элиста қ.) оқып жатыр.

10.10.02.2015 - 25.06.2015ж. аралығында Астрахань мемлекеттік университетінде «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІ және ІІІ курс студенттері Ж.Бақтығалиева мен А.Ахметқалиева білім алуда.

11.03.03.2015-30.06.2015ж. аралығында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының ІІІ курс студенті Ф.Кереева Ұлы Казимир университетінде (Польша, Быдгощ қ.) оқуда.

12.23.03.2015-22.06.2015ж. аралығында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының ІІІ курс студенті Н.Тукешова Лондон менеджмент және ғылым академиясында (Ұлыбритания, Лондон қ.) оқуда.

13.«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 02302-топ студенті Орынбасарова Нұрбөпе мен  «Филология: қазақ тілі» мамандығының 02205-топ студенті Латифова Мөлдір 01.04. – 30.04.2015 ж. аралығында М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің «Башқұрт филологиясы» мамандығында (РФ, Уфа қ.) оқып жатыр.

14.М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандық филиалында “Орыс филологиясы” кафедрасының магистранты Б.Н.Жаныбекова 2013 жылы қазан айының 28-і мен қарашаның 16-сы аралығында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында магистрант «ХІХ ғасырдағы әлем әдебиетінің тарихы» және «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс әдебиетінің тарихы» пәндері бойынша профессор-оқытушылардың дәрістерін тыңдап, арнайы сертификатқа ие болды.

15.2013-2014 оқу жылы 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандықтарының студенттері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті аралығында жасалған келісімшарт негізінде ЖОО базаларында оқу (фольклорлық-диалектологиялық) сараманынан өтсе, сәйкесінше аталған екі ЖОО студенттері М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында сараманнан өтті.

16.Филология факультетінің магистранттары соңғы үш жыл көлемінде Қазан Федералды университеті базасында (РФ, Татарстан) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдаманың мақсаты – дәрістер тыңдау, кітапханаларға бару, сонымен қатар филологиялық ғылымдар аясында білік-дағдаларын жетілдіру және университеттетгі ғылыми-зерттеу іс-тәжірибесімен танысу. Магистранттардың есептерін талдау нәтижесі бұл тағылымдаманың теориялық және практикалық тұрғыдан тиімділігімен қатар, магистрлік диссертациялары үшін материал жинақтау, сонымен қатар Қазан Федералды университетімен ынтымақтастықты ары  қарай дамыту жағынан да қажет екендігін көрсетіп отыр.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келуі

1.ЖОО арасында жасалған келісімшарт негізінде 03.11.2014 - 28.11.2014ж. аралығында И.Н. Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университетінің ІІІ курс студенті Т.Евдокимова академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орыс филология кафедрасына келді.   Студент семиотика, әдеби өлкетану пәндерінен дәрістер тыңдаумен қатар, «Мәтінді филологиялық талдау» қосымша курсын меңгерді. Соңында сертификат табыс етілді. Ульянов мемлекеттік университетінің газетінде студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқығандығы жөнінде жарияланған мақаласында студенттік алмасулар университетке және студенттерге өте қажеттігі және білім көрсеткішін халықаралық деңгейде кеңейтуге мүмкіндік туғызатындығы жөнінде айтылған.

 

2.26.02.2015-25.03.2015ж. аралығында Астрахань мемлекеттік университеті Филология және журналистика институты «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының V курс студенті А.Казиева орыс филологиясы кафедрасында қазақ тілді топта педагогикалық сараманнан өтті және «Педагогикалық білім: Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенті Д. Досова академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды. Семиотика, мәтінді лингвистикалық талдау, салыстырмалы әдебиеттану, әдеби өлкетану қосымша курстары бойынша студенттерге сертификаттар берілді.

 

3.01.04-30.04.2015ж. аралығында М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті 050100 – педагогикалық білім бағыты «Ана (башқұрт) тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандығының ІІІ курс студенттері Хисматова Регина мен Галина Аксяскя  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 02302-тобы қатарында оқып жатыр.

Факультет профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығы

Факультетке профессор-оқытушылардың келу ұтқырлығы

1. 21.11.2012 – 04.12.2012ж. аралығында Ресей Халықтар Достығы университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы У.М.Бактыкереева факультет студенттері мен магистранттары үшін «Тілдің үштұғырлылығы» тақырыбында дәріс оқыды.

2.2012-2013 оқу жылы Калифорния университетінің магистрі  Дэвид Нортон  «Шет тілі» мамандықтарының ІІ, ІІІ курс студенттері үшін ағылшын тілінен сабақ берді.

3.24.04.2014 – 10.05.2014 ж. аралығында «Шет тілі» мамандығының І курс магистранттары Sungkonghoe университетінің профессоры Lee Jong Hyun-ның «Жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбындағы дәрісін тыңдады.

4.29.04.204-06.05.2014ж. аралығында Ардахан университетінің түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының Рhd докторы, профессор Орхан Сөйлемез факультет студенттері мен магистранттары үшін «Түркология мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.  Ғалымды 2015-2016 оқу жылының қазан айында шақыру жоспарлануда.

5.20.10.2014 – 03.11.2014 ж. аралығында Пассау университетінің (Германия) профессоры Томас Вьюнш “History of the university in Europe. Origins, development, and actual situation” тақырыбында дәріс оқыды.

6.Доктор Карл Кайнер 2014 ж. қазанның 31-і мен қарашаның 24-і аралығында “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының студенттеріне ағылшын, неміс тілдері бойынша практикалық сабақтар өткізіп, студенттердің академиялық ұтқырлығы мәселесі бойынша арнайы жоспарлы семинар ұйымдастырды.

Факультет профессор-оқытушыларының академиялық ұтқырлық   бойынша шетелге шығуы

1.2012-2013 оқу жылы 16.04 – 05.05 аралығында ф.ғ.к., доцент З.Ж.Мүтиев Ардахан университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтті, «Қазақ әдебиетінің тарихы» тақырыбында дәріс оқыды. Алдағы уақытта Түркияның Ардахан университетімен ынтымақтастықты нығайту көзделіп отыр. 2015-2016 жылы оқу жылына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 – «Филология: қазақ тілі» мамандықтарының студенттерін семестрлік оқуға жіберу туралы келіссөз жүргізілуде.

2.М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Астрахань мемлекеттік университеті арасында жасалаған келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлық бойынша ынтымақтастық дамуда. 16.06.14 – 19.06.14 аралығында ф.ғ.к., доцент Г.С. Умарова Астрахань мемлекеттік университеті филология және журналистика факультетінің  сырттай бөлімі «Ана (қазақ) тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне «Қазақ әдебиетінің тарихы» курсынан дәріс оқыды.  Доцент Г.С.Умарованың кезекті іссапары 2015 жылғы мамыр-маусым айларына жоспарлануда.

Шетелде біліктілікті арттыру, тағылымдамадан өту

1.2013-2014 оқу жылының қазан айының 24-і мен қарашаның 6-сы аралығында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.Б.Сұлтанғалиева Германияның Дюссельдорф қаласы ИНТАМТ Менеджмент және технология халықаралық академиясы базасында және Германияның Дуйсбург, Хаген,  Дортмунд қалаларындағы ғылыми орталықтарының базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Германия университеттеріндегі инновациялық әдістер мен оқыту технологиясы» атты халықаралық тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.

2.Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Ғ.Қ. Хасанов  «ЖОО үздік оқытушысы»» гранты қаржысы есебінен 01.07 - 04.10.2014ж. аралығында Мальта Республикасының Свиги  қаласында ағылшын тілін үйрену курсынан өтті. «Клап-клап» аталатын ағылшын тілінің үйрету мектебінің басшы орталығы Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан. Свиги қаласындағы филиалына әлемнің көптеген жоғарғы оқу орындарының ғалымдары барып, дәріс тыңдайтын бұл орталық әлемге белгілі. Барлығы 400 сағат көлемінде лекция тыңдап, практикалық жұмыстар орындалды. Тіл үйрену курсында тыңдалым, естілім, жазылым, оқылым, айтылым әдістері бойынша білік дағдылары игерілді. Курс аяқталғаннан кейін, «Стартер» бастапқы деңгейінен бастап, «Элементарлы» деңгейіне дейінгі аралықта білім курсынан өтті.

 

 

FaLang translation system by Faboba