Талапкерлерді сапалы қабылдауды қамтамасыз етудегі кафедра бөлімшелері бойынша жұмыс рөлі

М. Өтемісов ат. БҚМУ-нің шетел тілдері кафедрасының кәсіби бағдар жұмысы аясындағы қызметтің басым бағыты кафедра бөлімшелері бойынша жұмыс болып табылады.

Осы бастамамен дәстүрлі шаралар және де жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы бірқатар шаралар өткізіліп жатыр.

Шетел тілдері кафедрасы өзінің бөлімшелерімен, № 8, 12, 19, 21, 28, 36 мектептермен, сондай-ақ Теректідегі "Үміт" лингвистикалық гимназиясымен белсенді жұмыс істеп келеді. Кафедра оқытушылары ағылшын тілі бойынша үнемі қызықты сабақтар, қызықты сыныптан тыс шаралар және шығармашылық жарыстар өткізеді.

2017-2018 оқу жылында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары үнемі қала және облыс оқушыларымен кездесулер өткізіп отырды.

Сонымен қатар, шетел тілдері кафедрасының оқытушылары жыл бойы тек өздерінің бөлімшелерімен ғана емес, сонымен қатар, қаланың және облыстың басқа да мектептерімен, колледждерімен және басқа білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастықты ұстап келеді.

Мысалы, 27.10.2017 күні Серебряков ЖОББМ-да Калиева А.А. кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Мектеп директоры Н.Н. Саттыков оқытушы А.Калиеваны 11 сынып оқушыларымен кездестірді. А.Калиева оқушыларға университеттің жұмысы, факультеттері, мамандықтары, оқыту мерзімі мен оқу түсуге қажетті құжаттары туралы және универсиетет студенттерінің жетістіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, университет жайында видео көрсетілді. Оқушыларға үш тілдегі үгіт-насихат буклеттері таратылып, оларды мектептің хабарландыру тақтасына іліп қойды. Хаттама толтырылды. Сыныпта 5 оқушы ғана бар. Әңгімелесудің барысында оқушылар түрлі сұрақтар қойды: Университеттегі оқу жүйесі, академиялық ұтқырлық турасында сұрақтар қойылып, жауап алынды.

 

27.10.2017 күні Переметный ЖОББМ-да оқытушы Ситалиева Р.Э кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Мектеп директоры М.С. Утешев және тәрбие жұмысы бойынша оқу ісінің меңгерушісі М. В. Необутовамен әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында мектепте 11 «А» и 11 «Б» түлек сыныптары бар екендігі туралы айтылды. Сынып жетекшілері кәсіби бағдар жұмысы туралы оқушыларға көмек көрсетті. Оқушылармен үгіт-насихат жұмысы жүргізілді, университет жайында видео көрсетілді. Оқушыларға университеттің жұмысы, факультеттері, мамандықтары, оқыту мерзімі мен оқу түсуге қажетті құжаттары туралы және универсиетет студенттерінің жетістіктері туралы айтып берді және университеттік «Өркен» газетін таратты.

06.11.2017 күні шетел тілдер кафедрасының кәсіби бағдар беру жоспары бойынша жұмыс берушілермен байланыс бағытында, жұмыс берушіміз болып табылатын Орал қаласындағы «Болашақ» тілдер орталығының директоры, ф.ғ.к. З.Ж. Аманбаева 4 курс студенттеріне арнап «Communicative approaches in teaching English» тақырыбында шет тілі әдістемсінен дәріс оқуға шақырылды. Дәріс таза ағылшын тілінде өтті, сабақ барысында әдіскер студенттермен инерактивті байланыс орнатып, олармен әңгімелесуден бастады. Тақырыпқа сай көрнекілік құралдары қолданылды. Дәріс қызықты өтті, студенттер Оксфорд оқыту әдісі бойынша оздырылған дәрістен әдістемеге қатысты көп мағлұмат алды. Әдіскер-ғалымның сабақ өткізу жоспары төмендегідей:

07.11.2017 күні шет тілі кафедраның оқытушысы Э.К.Утемисова Орал қаласының № 36 ЖОББМ-не барып, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізді. «БҚМУ-біздің таңдауымыз» атты әңгіме жүргізіп, 11 сынып оқушыларымен сұхбаттасты. Ол оқушыларға жоғарғы оқу бағдарламасы туралы, оқытушы –профессор құрамы туралы және университеттің оқу әдістемелік базасы туралы әңгімелеп берді. Оқушылар тарапынан гранттар саны, оқу ақысы, мамандықтар туралы мағлұмат алу мақсатында сұрақтар қойылды. Хаттама жүргізіліп, мамандығымыз туралы видео көрсетілді.

08.11.2017 кафедра оқытушысы Р.М.Кужентаева Деркөл ЖОББМ №12–де кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Оқушыларға университеттің тарихы, студенттік өмір, білікті оқытушылары туралы айтылды. Оқушылар көптеген сұрақтарын қойды. Мысалы, университет мемлекеттік пе, қандай диплом беріледі, ер балаларға арналған әскери кафедра барма деген мәселелер бойынша қызығушылық танытты. Мысалы, 11" А" оқушысы Кравец Полина "Биология" мамандығына қызығушылығын танытса, 11"В" оқушысы Тастелеуова Анеля "Көркем өнер" бағытында дайындалатын мамандықтары туралы сұрақтар қойды. Хаттама жүргізіліп, мамандығымыз туралы видео көрсетілді.

22.11.2017 күні шетел тілдер кафедрасының кәсіби бағдар беру жоспары бойынша жұмыс берушілермен байланыс бағытында, жұмыс берушіміз болып табылатын Орал қаласындағы Ж.Досмуханбетов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.М.Куспанова 1 курс (ИЯ -11, ИЯ/у-17) студенттеріне арнап «Who is the fastest? Who is the cleverest» discussion club түрінде базалық шетел тілінен практикалық сабақ өткізді. Сабақ ағылшын тілінде өтті, сабақ барысында әдіскер студенттермен инерактивті байланыс орнатып, олармен ағылшын тілінде әңгімелесуге тырысты.. Тақырыпқа сай көрнекілік құралдары қолданылды. Сабақ қызықты өтті, студенттер тақырыпқа қатысты көп мағлұмат алды.

27.11.2017 кафедра аға оқытушысы Р.Г.Шамғонова Федоровка жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. 11 сынып оқушыларымен «БҚМУ – менің таңдауым» тақырыбында кәсіптік бағдар беру бойынша әңгімелесу және арнайы дайындалған сауалнама жүргізілді. Оқушыларға БҚМУ туралы ролик көрсетіліп, университет жөнінде толық мағлұматтар берілді. Университет мамандықтары жөнінде БҚМУ газеті, және басқа да ақпараттық парақтар үлестірілді. Оқушылардың сұрақтары бойынша жауап берілді. Мектеп басшыларымен және оқытышыларымен мектеп түлектерінің жоспарлары туралы, оқушылардың қандай пәндер және қандай мамандықтар таңдап отырғаны туралы сұхбаттасу өткізілді. Сондай-ақ, «шет тілі: екі шет тілі» мамандығы туралы деректер берілді. Жалпы, барлығы мектеп бітірушілер саны – 20 болса, сауалнамаға қатысқан оқушылар саны – 16 оқушы. Оның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ ды таңдағандары 2 оқушы, нақты шешім қабылдамағаны – 4 оқушы. Ал қалғандары Қазақстанның өзге қалаларында оқығанды қалайды. БҚМУ таңдаған оқушылар: Қабашева Бақтыгүл ағылшын тілін, Болатова Гүлжауар биология+география таңдап отыр.