2014-2015 оқу жылы бойынша Орыс филологиясы кафедрасының професорлық оқытушылық құрамы, студенттерімен магистранттарының академиялық ұтқырлығы жөнінде

АҚПАРАТ

1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Астрахан мемлекеттік университеті арасындағы келісімшартқа сәйкес академиялық ұтқырлық бойынша ынтымақтастық жалғасуда. 16.06.14-19.06.14 ж. уақыты аралығында ф.ғ.к., доцент Г.С.Умарова «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағытында «Астрахань мемлекеттік университеті» жоғары кәсіби білім беру Федералды мемлекеттік мекемесінде филология және журналистика факультеті студенттеріне арнап қазақ әдебиеті тарихы пәнінен дәрістер курсын жүргізді. (Іссапар төлқұжаты бар).

2. Г.С.Умарованың басшылығымен БҚМУ мен СМУ (РФ) арасындағы 07.02.2014 жылғы келісімшартқа сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студент А.Криуля («Филология» мамандығының 2 курс студенті) ресей ЖОО-да білім алып қайтты. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясы шеңберінде Криуля «Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік универститетінің» филология және журналистика Институтында Федералды мемлекеттік университетінде 72 сағат көлемінде дәріс кусрстарынан өтті.

1. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранттары И.Ербулатова, С.Альмурзина, А.Баялышбаева және М.Мокрецова РФ Қазан федералдық университетінде 2014ж. 12-22 мамыр аралығында ғылыми тәлімдемеден өтті.

2. «Филология» мамандығының 3-курс студенті Л.Шынгалиева «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті К.Сырица 2014 жылдың 3-28 қараша аралығында Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алды. К.Сырица, Л.Шынгалиева 8 пән бойынша дәріс тындап, 72 сағаттық бағдарламаны орындады.

 

3. «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Ж.Бахтыгалиева, 2-курс студенті А.Ахметкалиева 16.02.2015 ж. және 25.06.2015 ж. күнгі РФ Астрахан мемлекеттік университетімен жасалған өзара келісімшарт негізінде, 13.02.2015ж. күнгі бұйрыққа сәйкес Астрахан мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

Кіріс академиялық ұтқырлығы

  1. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ және РФ Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік университетінің арасындағы өзара келісімшарт негізінде 03.11.2014- 28.11.2014 жж. аралығында Ульянов мемлекеттік университетінің 3-ші курс студенті Т.Евдокимова орыс филологиясы кафедрасында білім алды. Студент «Мәтіннің филологиялық талданылуы», «Семиотика», «Өлкетану әдебиеті» сияқты сабақтардан дәріс тыңдады. Курс соңында оқылған сабақтар көрсетілген сертификат табысталды.

2. РФ Астрахан мемлекеттік университетімен жасалған келісімшарт негізінде «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 5-ші курс студенті А.Казиева қазақ тілінде оқитын 1-ші курс студенттерімен сараманнан өтсе «Педагогиккалық білім: орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 3-ші курс студенті Д.Досова 26.02.2015 – 25.03.2015 жж. аралығында академиялық ұтқырлық бойынша орыс филолгиясы кафедрасында білім алады (03.03.2015ж. күнгі №7 бұйрық). Студент «Мәтіннің филологиялық талданылуы», «Семиотика», «Өлкетану әдебиеті» сияқты сабақтардан дәріс тыңдады. Курс соңында оқылған сабақтар көрсетілген сертификат табысталды.