Қазіргі таңда орыс филологиясы кафедрасы төменде көрсетілген бес білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда:

Білім беру бағдарламасы: 5В020500 - «Филология: орыс тілі». Бітіруші түлек 5В020500 «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры академиялық дәрежесін алады. Түлектердің кәсіби қызметтерінің нысаны орта (оның ішінде лицейлер, гимназиялар) және кәсіптік орта (колледждер) оқу орындары; ғылыми-зерттеу мекемелері; газет, журнал баспалары, радио, теледидар; баспа; басқару ұйымдары; жарнама агенттіктері.

Білім беру бағдарламасы: 5В011800 - «Орыс тілі мен әдебиеті». Бітіруші түлек 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алады. Түлектердің кәсіби қызметтерінің нысаны орта мектептер және орта арнайы оқу орындары; лицейлер, гимназиялар, кәсіптік-техникалық колледждер, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс (газет, радио, теледидар).

Білім беру бағдарламасы: 5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті. Бітіруші түлек 5В012200 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алады. Түлектердің кәсіби қызметтерінің нысаны орта мектептер және орта арнайы оқу орындары; лицейлер, гимназиялар, кәсіптік-техникалық колледждер, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс (газет, радио, теледидар).

Білім беру бағдарламасы: 6М011800 - Орыс тілі мен әдебиеті. 6М011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» магистратура бөлімін бітіруші түлектер төмендегідей кәсіби қызмет нысандарын атқара алады: бейінді дайындықта – педагогикалық, оқу-мәдени, басқару, өндірістік-технологиялық, редакциялық-баспа; ғылыми және педагогикалық дайындықта – ғылыми-педагогикалық, ғылыми-консультациялық, ғылыми-зерттеу, ұйымдық-басқару, мәдени-ұйымдастыру. Магистратура білім бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған мамандарға педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы: 6М020500 - «Филология». 6М020500 - «Филология» магистратура бөлімін бітіруші түлектер төмендегідей кәсіби қызмет нысандарын атқара алады: 1) Бейінді дайындықта: ұйымдастырушылық-педагогикалық, әкімшілік-басқару, мәдени-ұйымдастыру. 2) Ғылыми және педагогикалық дайындықта: ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, оқу-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық. Магистратура білім бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған мамандарға гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Таңдау пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын анықтауда факультеттің ОЖЖ және ЭПК комитеті құрамына кіретін жұмыс берушілер қатысады. Комитеттің міндеттеріне, негізінен, мыналар жатады: сауалнама және жұмыс берушілердің сұрақ-жауабы; сауалнама және студенттердің сұрақ-жауабы; мамандық аясында қосымша білім беру бағдарламасын анықтау және әзірлеу; жұмыс оқу бағдарламаларын, элективті пәндерді сараптау және т. б.

Комитет құрамына қатысу мақсатында жұмыс берушілерді таңдау кезінде базалық білімі, атқаратын лауазымы, ерекшелік сипаты ескеріледі. Комитет мүшелерінің қатарына ұйым, департамент басшылары, мектеп директорлары және т.б. кіреді.

Кафедрада жұмыс берушілерге, сараман базаларының жетекшілеріне, қосымша білім беру бағдарламаларының оқу мазмұнын анықтау мақсатында жұмыс істейтін студенттерге сауалнама жүргізіледі.

Жұмыс оқу жоспары, элективті пәндер каталогы, қосымша оқу бағдарламалары жыл сайын қайта қарастырылады.

5В020500 - «Филология: орыс тілі» мамандығы білім беру бағдарламасының ерекшелігі, негізінен, «Журналистика» қосымша білім беру бағдарламасы болып табылады.

Бұл осы салада кадрлар жетіспеушілігімен және мектеп түлектерінің журналист мамандығына қызығушылық танытуларының байқалуымен түсіндіріледі. Білім беру бағдарламасы келесі элективті пәндерден тұрады: «Журналистикаға кіріспе», «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі», «Қазақстан журналистикасының тарихы», «Редакциялау негіздері».

Элективті пәндер «Журналистика» қосымша білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дайындауда ерекше орын алады. Мысалы, 5В020500 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламаларын нақты талдау студенттерді оқытудың жеке траекториясын анықтау мақсатында жыл сайын бірінші курс студенттерімен өткізіледі. Талдау нәтижелері ЭПК қалыптастыру кезінде пайдаланылады.

Білім бағдарламаларын қалыптастыру және оның дамуы кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен, факультет пен университеттің оқу-әдістемелік семинары кезінде талқыланады. Жұмыс берушілер, мектеп директорлары, мұғалімдер, жоғары оқу орны оқытушылары, студенттер алдағы уақытта қарастырылатын өздерінің толықтырулары мен өзгерістерін енгізуіне болады. Мысалы, 4 және 1 курс студенттерінің элективті пәндер туралы пікірін анықтауда кафедра сауалнама жүргізеді. Жұмыс берушілермен үнемі кездесулер өтеді.

Мысалы, 2014 жылдың 21 қаңтар айында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс берушілермен бірлесіп «Филология факультеті түлектерінің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткен болатын. Кездесуде жұмысқа орналастыру және түлектердің еңбек нарығындағы бейімделу мәселелері туралы сұрақтар талқыланды, М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің дайындықтары бағаланды. Сонымен қатар, мамандарды даярлаудағы тұтунышың рөлі (базалық практикадан өту үшін тапсырыс құзыреті ретінде, оқу жоспарлары мен пәндердің жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге қатысу) талқыланды. Кездесуге облыстық білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Р.Хамза, «Болашақ» оқу орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент З.Ж.Аманбаева, Тасқала ЖОББМ директоры А.К.Касимова, «StepbyStep» оқу орталығының директоры Н.В.Королев қатысты. Жұмыс берушілер элективті пәндерді талқылауда белсенді жұмыс атқарды. Бұндай кездесулер дәстүрге айналды.

2015 жылдың 4 желтоқсан айында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың конференц-залында «Заманауи білім беру үлгісі жағдайында мұғалімнің оң имиджін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткен болатын. 2016 жылдың 16 қараша айында «Заманауи мектептегі педагогикалық инновация: проблемалары мен оларды шешудің жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Барлық іс-шараларда жұмыс берушілер, мектеп өкілдері, жоғары оқу орны оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен студенттер қатысты. Кездесу жұмыс берушілердің сауалнамасымен аяқталды.