М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университетінің «Филология» маманындығы бойынша оқитын екінші және үшінші курс студенттері 2017 жылдың 19-20 сәуір аралығында Астана қаласында өткен «Филология» (Орыс тілі мен әдебиті) бағытындағы республикалық студенттік пәндік олимпиадаға катысты. Олимпиаданы М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы өткізді.

19 сәуірі күні I және II тур бойынша ІІІ курс студенті А.Жантемирова, ІІ курс студенттері В.Ротнова мен А.Кемешова орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық, практикалық талдау бағытындағы тапсырмаларды орындаса, екінші күні алдын ала үй тапсырмасы ретінде әзірленген «Туған өлкем, оқу орным және өзім туралы» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарын III тур аясында командалық сайыс кезінде қорғап шықты.

Олимпиады қортындысы бойынша, БҚМУ-дың студенттері I және II турларда командылық есеп бойынша III-ші дәрежелі Дипломмен, шығармашылық сайыста 3-ші орын алып, арнайы грамотамен марапатталды.

Олимпиада барысында белсенділік көрсеткендері үшін әр студентке ұйымдастыру комитетінің атынан Сертификат берілді.

Олимпиада барысында команда жетекшілері «Филологияның өзекті мәселелері» атты семинарға қатысып, ф.ғ.к., ММУ-нің доценті В.Л.Коровиннің «XVIII ғ.орыс әдебиетінің тарихы» туралы дәрістерін тыңдады. Команда жетекшілеріне семинар қорытындысы бойынша Сертификаттар табысталды.

Орыс филологиясы кафедрасының доценті Г.С.Умарованың жетекшілігімен орыс тілі мен әдебиеті, филология мамандықтарының студенттерін өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен 19-20 сәуірі аралығында Астана қаласында өткен «Ломоносов – 2017» атты Халықаралық ғылыми форумға қатыстырғаны үшін, Форум шеңберінде өткізілген «Ломоносов оқулары», «Филология» (орыс тілі мен әдебиті) бағыттындағы республикалық студенттік пәндік олимпиадаға студенттер жолдағаны үшін, Мәскеу мемлекттік университетінің Қазақстан филиалының әкімшілігі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академик А.С.Имағалиевке ресми хатпен алғыс білдірілді.

Команды жетекшісі, доцент Г.С.Умарова

20.04.2017.

Фотоесеп