Тілдер мерекесіне орай «Шетел тілдері» кафедрасы бойынша 7 шара атап өтілді.Олар: «Knowledge is Power», «Language- the soul of the people» атты сайыс, «Ел болашағы қазақ тілінде», «Linguists’ Competition» атты тақырыпта ағылшын тілінде шығарма жазу сайысы, «Тіл – татулық тірегі» атты куратор сағаты, «Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір!» атты мерекелік шара, «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тақырыпта поэзия кеші. Барлық топтар белсене қатысты.

03401 тобында «Тілге құрмет- елге құрмет» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.(Куратор: Бекмухамбетова С.Б.)

Мақсаты: Жастарды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеумен қатар өзге тілдерді оқып, білуге баулу.Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын және басқа да тілдерін жетік білуге баулу. Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеп, шетел тілдерін де жетік білуге баулу.

Міндеттері: Қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып және орыс және басқа тілдерді білу, құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту,студенттерде тілге деген құрметті бойларына сіңіруге тәрбиелеу.Осы мақсат пен міндеттерді алға ала отырып, филология факультетінің «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы 03401 топ студенттері мен француз тілі үйірмесіне қатысатын және француз тілін оқитын студенттердің қатысуымен тілдер күніне арналған мерекелік шара өтті.Мерекелік шара студенттердің латын тіліндегі әнұраны «Gaudeamus» орындалуымен басталып,қазақ,орыс,ағылшын,француз, неміс тілдерінде өлеңдер мен әндермен айтумен жалғасты.Франция астанасы Парижге саяхат жасалып,француз тілінде Париждің көрнекті жерлері туралы ақпараттар берілді.Студенттердің француз тілінен өздері аударған өлеңдер аудармалары оқылып, студенттер аудармашылық қырынан да көрінді.Сондай –ақ француз тілінде көріністер көрсетіліп,студенттердің актерлік қыры да байқалды.Студенттердің тілді үйренуге деген құштарлықтары жоғары деңгейде болды.

 

22.09.2017ж. ИЯ-15 тобында 2017- 2018 оқу жылының жоспары бойынша «Knowledge is power» атты интелектуалдық ойыны өткізілді.(Куратор:Утемисова Э.К.) Бұл ойынға топтың барлық студенттері белсене қатысты.

Білім сайысы 3 кезеңнен тұрды:

1 тур- «Видеоролик» сайысы (қатысушы топтар өздерінің білім жүйесі туралы дайындап алып келген видеоролик немесе слайдтарын таныстырады)

2 тур- «Есіңде ме?» сайысы (көрсетілген видео немесе слайд бойынша қатысушы топтар бір-біріне сұрақтар қояды)

3 тур-«Сұрақ-жауап» сайысы (жүргізушілер тарапынан сұрақтар қойылады).

3 кезеңнен тұратын сайыс өз мәресіне жетті. Студенттер білімімізді, санамызды, оқуға деген құштарлығымызды оятатын сайыстарымыз көбейе берсін деген ой-пікірлерін білдірді.

2017 жылдың 20 қыркүйегінде ИЯ/у-26, ИЯ/у-27 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Тіл татулық тірегі» атты тақырыбында тәрбие сағаты өтті. (куратор:Утарова А.Г.)

Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

20.09.2017ж. ИЯ-33 тобында "Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір" атты тәрбие сағаты атап өтілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша ИЯ-33 тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Тобымызға филология факультетінің декан орынбасары Самал Серикалиқызы құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді. «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» атты білім сайысы негізінен 4 кезеңнен тұрды:

1-кезең: Таңыстыру (әр қатысушы өз қалауы бойынша презентация дайындайды.)
2-кезең: Өнер сайысы (мәнерлеп оқу немесе ән айту)
3-кезең: Кім көп біледі сұрақ-жауап сайысы
4-кезең: Ұлттық тағам түрлерімен таныстыру. (куратор:Габдешева А.Е.)

ИЯ-22, ИЯ/у-14 “Linguists’ Competition” атты тәрбие сағаты өтті.(Куратор Лысенко Н.К.) Тәрбие сағаты үш тілде жүргізілді. Студенттер қазақ,орыс,неміс,ағылшын,француз тілдерінде презентациялар дайындады. Барлық студенттер “We are the world” әнін шырқап, Kahoot бағдарламасы бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. 1-орын- Булекбаева Л., 2-орын Тулепбергенева Т., 3-орын Киргенева А.атты студенттер жеңіп алды.