«Театр қалың кітаптың үйрете алмағанын үйретеді» - деген Вольтер. Бұл сөздің шындығына Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері көз жеткізді.

Күнделікті өмірдегі жұмыстардың арасында күндізгі бөлімде оқитын студенттердің мәдениет пен өнер құндылықтарына қызығуға мүмкіндігі мен уақыттары болмайды. Орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары тәрбие жұмысына үнемі ерекше көңіл бөледі, атап айтқанда филология факультеті мен тілдік емес факультеттің орыс тілін қызығушылықпен меңгеретін студенттері үшін мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырады.

Өткен аптада тәрбие жұмысына жауапты және 1 курс кураторы, орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы Ахметова Гульнара Наримановна әріптестерінің белсенді қолдауымен 1-3 курс студенттерінің А.Островский атындағы Орал орыс драма театрына баруын ұйымдастырды.

Студенттер оқулықтар мен Ғаламтордан көңілін бөліп, театр рухының қиялына берілді. Театрдың көрермендер залы жұмыс күніне қарамастан толық болды, себебі Лопе де Веганың танымал испандық «Дурочка» комедиясы көрсетілді.

Қойылым керемет әсер қалдырды. Студенттер автордың әзілдері 400 жыл бойы қолданыста жүргені мен әртістердің Махаббат пен Ақымақтықты құшырлана ойнайтынына көз жеткізді... Таң қалдырарлық қойылым еді!

Студенттер жағымды эмоциялармен күш жинап алып, енді оқуға кірісе алады.