• Аронов Құспан Ғұмарұлы

    аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты


    Педагогикалық жалпы еңбек өтілі: 33 жыл

    E-mail: Kuspan.aronov@gmail.com

    БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

    1. «Халықаралық стандарт. «Білім беру саласына қызмет ету ИСО 9001-2000» біліктілігін арттыру курсы // М. Өтемісов атындағы БҚМУ. ОАО «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» Батыс Қазақстан бөлімі. 23.01.2004 жыл.

    2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы. Алматы қаласы, 23.10.2008 жыл.

    3. «Оқытуға инновациялық технологияларды ендіру» атты біліктілігін арттыру курсы. М. Өтемісов атындағы БҚМУ, 02.04.2013 жыл.

    4. «Заманауи жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үрдіс» аты біліктілікті арттыру курсы. М. Өтемісов атындағы БҚМУ. 23.01.2014 жыл.

    5. ҚР жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтардың оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы // «Өрлеу» АҚ «Ұлттық біліктілікті арттыу орталығы». 18.10.2015 жыл.

    ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

    1. Махамбет өлеңдеріндегі араб текті атаулардың қолданылу ерекшеліктері // Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған дәстүрлі «V Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал, 2014. – 60-64 бб.

    2. Қасым Аманжолов поэзиясындағы синекдоханың қолданылу ерекшелігі // «БҚМУ Хабаршысы» ғылыми журналы. Орал, 2014. №1, - 214-218 бб.

    3. Мұрат Мөңкейұлы өлеңдеріндегі араб кірме сөздерінің қолданылу ерекшеліктері// «Қазақ әдебиеттану ғылымы мен тіл білімі: жаңа бағыттары және оқытудың инновациялық технологиялары» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал, 2014. – 290-294 бб.

    4. Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы синонимдердің ерекшеліктері // «БҚМУ Хабаршысы» ғылыми журналы. Орал, 2015. -231-237 бб.

    5. Жазушы Р. Отарбаев шығармаларындағы автор бейнесінің тілдік ерекшеліктері // «Қазіргі әдебиеттану, тілтану мәселелері және жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев шығармашылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал, 2016. – 90-94 бб.

    6. Махамбет өлеңдеріндегі теңеулердің қолданлу ерекшеліктері // «VІІІ Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. Олар, 2016. – 12-18 бб.

    7. The formation of a syntax // “Mon in India” Serials Dublications Pvt.Ltd.2017, 97(11): 13-22

    8. Жаңа әліпи – рухани жаңғырудың кепілі // «Түркі жазуы мен түркі мәдениеті: түркі жұртының бірегейлік негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. Орал, 2017. – 30-34 бб.

    9. Қажым Жұмалиев – махамбеттанушы // «Зерделі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, зергер жазушы» атты ақын, жазушы, ғалым Қажым Жұмалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған конференция. Орал, 2017. – 10-13 бб.

    10. Латын жазуы қазақ әліпбиінің жетістіктері мен кемшіліктері // «Қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Орал, 2017. – 72-76 бб.

    11. Латын жазуы қазақ әліпбиі: өткені мен бүгінгісі // «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін меңгертудің тиімді жолдары» тақырыбындағы дәстүрлі VІ облыстық оқу-әдістемелік семинар. Орал, 2017.

    12. Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, қамқор аға еді // «Аңыз тұлға: ғалым, жазушы, ұстаз» атты филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, ұлағатты ұстаз, көрнекті жазушы Зейнола Қабдоловтың 90 жылдық мерейтойына арналған облыстық ғылыми-тәжірибеліка конференция. Орал, 2017.

    13. Қазақтың ауыз әдебиеті – Махамбет поэзиясының қайнар көзі // «ІХ Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. Орал, 2018. – 126-129 бб.

    14. Латын жазуы жаңа қазақ әліпбиінің түйіткілді мәселелері // «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. Атырау, 2018. – 145-150 бб.

    15. Мұрат Мөңкейұлының тілдік тұлғасы // «Қажым Жұмалиев және қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал, 2018. – 70-75 бб.

    ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

    1. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы

    2. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фонетикасы

    3. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

    4. Қазақ жазуының тарихы

    5. Қазақ терминологиясы

    6. Қазақ әдеби тілінің тарихы

    7. Жалпы тіл білімі

    8. Этнолингвистика

    9. Әлеуметтік лингвистика

  • Мұхамбетқалиева Роза Қазиқызы

    доцент,филология ғылымдарының кандидаты


    Эл.почта: roz_makh

    «Еңбек ардагері» медалі ҚР ҒБ министрлігі 2017ж.

    Марапаттың басқа да түрлері:

    - 1970 жылы СССР халық жетістіктері көрмесінің қола медалі және ақшалай сыйлығы (Москва қаласы);

    - 1990 жылы Қазақстан халық жетістіктері көрмесінің қола медалі және бағалы сыйлығы (Алматы)

    -1999 жылғы Халықаралық іскер әйелдер фестивалінің жеңімпазының дипломы мен Алғыс хаты (Алматы)

    - «Қазақстанның гүлденуіне зор үлес қосатын жоғары кәсіби мамандары дайындау мен тәрбиелеу ісіндегі адал әрі нәтижелі еңбегі үшін» ректорат атынан Алғыс хат жарияланды, (Орал, БҚМУ, 2009)

    - «Тәуелсіз Қазақстанның игілігіне жоғары білікті кадрларды даярлаудағы жемісті жұмысы үшін Алғыс хат. (БҚМУ, Орал.)

    - «Тәуелсіздіктің он жылдығына байланысты жас мамандарды даярлаудағы жоғары сапалы білім мен тәрбие берудегі саналы еңбегі үшін Алғыс хат ( БҚМУ, Орал қаласы)

    - Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында табыс етілген жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістігі үшін Құрмет грамотасы.( БҚМУ, Орал).

    - «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат.( БҚМУ, Орал)

    - Батыс Қазақстан жас өсіпірімдерінің облыстық туризм және экология Орталығының Алғыс хаты (Орал, 2001)

    - Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы, облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының жас көшбасшылардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мен елге, жерге деген патриоттық сезімін оятудағы сіңірген еңбегі үшін Алғыс хаты. ( Орал, 2010ж.)

    - Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын жоғары кәсіби мамандарды дайындау мен тәрбиелеу ісіндегі адал, әрі нәтижелі еңбегі үшін Құрмет грамотасы.(БҚМУ, Орал. 2010ж.)

    - «Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» атты ЖОО аралық ғылыми конференциясында шәкірті сапалы баяндамасымен жоғары нәтиже көрсетіп, 11 дәрежелі орынды иемденуіне ықпал еткен жетекшісі ретінде Сулейман Демирель атындағы университеттің Алғыс хаты. 2014 жыл.

    -Қазақстан ғылымы мен көпжанрлы ұлттық өнерді фольклорлық-этнографиялық тұрғыда насихаттаудағы көп жылғы сіңірген еңбегі үшін Батыс Қазақстан облысы Әкімінің БҚМУ-нің 80 жылдығына орай Құттықтау хаты.

    -БҚМУ-нің 80 жылдығына орай ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін университет ректоратының Алғыс хаты. 2012 ж.

    -Қазақстанның гүлденуіне зор үлес қосатын жоғары кәсіби мамандарды дайындау мен тәрбиелеу ісіндегі адал әрі нәтижелі еңбегі үшін БҚМУ ректоратының Алғыс хаты. 2015ж.

    - Аймақтық жоғары оқу орындары арасында жас ғалымдардың ғылымға деген құлшыныстарын арттыру, ғылыми ізденістерін ынталандыру, студенттерге ғалымдар тарапынан қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған аймақтық байқауға студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындағандығы үшін Алғыс хат. 2015ж.

    -Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жоғары дәрежелі мамандарды дайындаудағы өлшеусіз еңбегі мен жастарды тәрбиелеудегі қайырымды ісі және ЖОО-ғы ғылыми білім беру мен мәдени өмірді дамытудағы үлкен үлесі үшін Құрмет грамотасы. БҚМУ., 2016ж.

    Қызмет саласы:

    1970 жылы еңбек жолын Алғадағы №1 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің физика кабинетінің лаборанты ретінде бастап, аудандық радио торабының дикторлық қызметін қоса атқарған. 1978 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіргеннен кейін 1986 жылға дейін Ақтөбе облысының Алға қаласындағы №1 және №3 мектептерінде ағылшын, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі қызметтерін атқарып, 1986-1987 оқу жылынан бастап А.С.Пушкин атындағы пединститут, ал кейіннен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта жасақталған оқу ордасының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде ізденуші, оқытушы, кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы, ғылым кандидаты, аға ғылыми қызметкер және ЖАК бекіткен ғылыми доценттік дәрежеге дейін жетіліп, қазір аталмыш оқу орнының қазақ филологиясы кафедрасының доценттік қызметін атқарады

    Оқытушылық пен ғылымды тығыз ұштастыра білетін тәжірибелі ұстаз 1993-1997 ж.ж. аралығында М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жанынан ашылған өндірістен қол үзіп оқитын күндізгі аспирантураны тәмамдап, 10.01.09 - фольклортану мамандығы бойынша 1998 жылдың 13 қарашасында ҚР ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтында «Қазақ фольклорындағы табиғат пен тұрмыс-тіршіліктің этникалық танымы» дегенг тақырыпта ғылыми кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, 1999 жылдың 26 ақпанында бекітілді және 2004 жылдың 15 маусымында Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен әдебиеттану саласы бойынша доценттік ғылыми атағын алды. иемденді. Өзі қызмет еткен жылдарда көптеген студенттердің ғылыми, дипломдық жұмыстарына басшылық етумен бірге жыл сайынғы оқу жылдарының үлгерім сапасы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Әдебиеттегі күрделі мәселелерге арналған 50-ден астам дипломдық, 3 магистрлік диссертация қорғатып, жас ізденушілерді ғылыми жұмыс жазудың мектебінен өткізуде де шеберлік танытуда.

    Оқу-тәрбие жұмыстарымен бірге өзінің де ғылыми өсу жолына аса мән береді. Аймақтық, республикалық, сонымен қатар алыс-жақын елдерде өткізілген халықаралық ғылыми конференцияларда қазақтың халық фольклорының өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасады. 2015-2016 оқу жылында Австрияның Вена қаласында өткен фольклоршылардың ІҮ Халықаралық Форумында, ал 2016-2017 оқу жылында Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен ІҮ Еуразиялық гуманитарлық Форумында мазмұнды баяндамалар жасап, халықаралық Сертификаттарға ие болды.

    Р.Мұхамбетқалиева қазақ әдебиеті бойынша санаткер оқытушы ретінде оқыту үрдісіндегі негізгі болып табылатын пәндерден: халық фольклоры, әлем әдебиеті, шығыс халықтарының әдебиеті, ХҮ-ХҮІІІ ғасыр әдебиеті, ежелгі дәуір мен шығыс, шетел халықтарының әдебиеті, шешендік өнері, әдебиет теориясы, аударма негіздері, отандық әдебиет, балалар әдебиеті және орыс топтарындағы қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс жүргізді. Ұстаз қандай пәнді жүргізсе де, сол пәннің төл табиғатын ашып, күнбе-күн әдебиет әлеміне қызықтыра жетелеуде шеберлік танытып келеді. Әсіресе, фольклор дәрістері үстінде жыл сайын жаңа таланттардың: ғылыми, ақындық, айтыскерлік, қолөнер, әншілік өнерлерінің жолы ашылуына аса мән береді.

    1986-1987 оқу жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейін топ жетекшісі және студенттердің ғылыми жұмыстары, дипломдық және магистрлік диссертациялардың ғылыми жетекшілігін атқарып келеді.

    2014-2015 оқу жылында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының жанынан «Мәдени мұра» мемлекттік бағдарламысының қызметіне – 10 жыл және 1954 жылдан бері қызмет жасап келе жатқан профессор М.М.Тілеужанов атындағы фольклорлық-этнографиялық экспедицияның – 60 жылдық мерейтойына арнап, ғылыми-танымдық кабинет жұмысын іске қосты.

    11. Негізгі ғылыми еңбектері:

    Роза Қазиқызының ғылыми-әдістемелік бағытта 60-қа жуық ғылыми мақаласы және «Фольклордағы тұрмыс-тіршіліктің этникалық танымы» атты әдістемелік оқу құралы бар.

    1. Ш.Ш.Уәлиханов - өнер теориясының негізін қалаушы. Ақтөбе білім жетілдіру институтының мақалалар жинағы. Ақтөбе, 1988ж. , 33-35 бб.

    2. Ю.Бабанскийдің оқу - тәрбиені оптимизациялау мәселесінің күнгейі мен көлеңкесі. //Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Ақтөбе, 1989ж. 18-21 бб.

    3. Ауыз әдебиеті – тәрбие құралы. А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының ғылыми-әдістемелік жинағы. Орал, 1990, 107-109 б.

    4. Қазақ баласын қалай тәрбиелеген? «Қазақстан мектебі» журналы. №3. -Алматы, 29-32 бб.

    5. Шешендік сөздердің эстетикасы. // Аймақтық ғылыми теориялық конференция матеоиалдары. Ақтөбе, 1991, 63-65 бб.

    6. Қазақ фольклорындағы ғылыми идеал. //ХҮІІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, БҚ ауыл шаруашылық университеті, 1994, 100-105 бб.

    7. Қазақ фольклорындағы табиғатты қорғау мәселесі. // ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Орал, 1994, 100-102 бб.

    8. Қазақ фольклорындағы экологиялық мәдениет. ҚР ҰҒА Хабаршысы, №3. –Алматы, 1995, 26-28 бб.

    9. Шешендік сөздердің көркемдік танымы, // 56- ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 1995, 213-215 бб.

    10. Жайықтың Цицероны – Сырым деген... // Ғылыми практикалық конференция материалдары, Орал, 1995, 216-218 бб.

    11. Фольклорда бейнеленген тіршілік етудің ұлттық көрінісі. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 1997, 68-74 бб.

    12. Қазақ фольклорындағы табиғат пен тұрмыс-тіршіліктің этникалық көрінісі. // ҚР ҰҒА., ғылыми жинақ. Алматы, 1998, 10-16 бб.

    13. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы өнер мәселесі. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2000, 57-59 бб.

    14. Ең қазақы жанр. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2000, 59-61 бб.

    15. Орта ғасыр ақиығы.// Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Орал, 2001, 28-37 бб.

    16. Фольклордағы тұрмыс-тіршіліктің этникалық танымы. Оқу-әістемелік оқу құралы. 8,7 б.т. ISBN 9965-553-18-1., Орал, 2001.

    17. Бейнелі ойдың зергері. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2003, 446-449 бб.

    18. Отырардың ақтаңдақ ақиығы. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2003, 265-269 бб.

    19. Жырлардағы тарихи уақыт пен кеңістік мәселесі. //Халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. Алматы, 2004, 295- 301 бб.

    20. Жағымсыздық категориясының халық мұрасында бейнеленуі. // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2004, 177-184 бб.

    21. Эпикалық жырлардағы өлке тарихының поэтикалық танымы.// Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2004. 112-118 бб.

    22. Достижение предков на службу современным животноводам Казахстана. БҚМУ прфессор-оқытушыларының ғылыми жинағы. Орал, 2004,

    23. Жас ұрпақты ұлттық әскери үрдіспен тәрбиелеу жолдары. БҚМУ профессор-оқытушыларының ғылыми жинағы. Орал, 2004. 145-152 бб.

    24. Халық әдебиетіндегі жас балалар мифінің тарихи тағылымы. // Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2005, 141-147 бб.

    25. Халық мұрасындағы «дала кентаврларының» феномендік бейнесі. «Қайнар» университетінің Хабаршысы. №1, 2005, 4-10 бб.

    26.Народная гидротехника в казахском фольклоре. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Хабаршысы. №1, Алматы, 2005, 77-79 бб.

    27. «Шынжыры үзілмеген» ерліктің дәстүр жалғастығы. //Заң академиясының Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2005, 88-93 бб.

    28.Жыр өзегіндегі жанрлық синкретизм. // Академик Қ.Жұмалиев және ұлттық рухани әлем» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2008, 71-75 бб.

    29. Фольклорда бейнеленген қазақ тарихының «алтын ғасыры» // Академик Қ.Жұмалиев және ұлттық рухани әлем» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2008, 64-68 бб.

    30. Фольклордағы табиғат пен адам нооэкологиясы туралы этноэмпирикалық ілімдер. // Ақмоллаға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Ақтөбе, 2008, 68-73 бб.

    31. Халық мұрасының көпжанрлы сипаты. «Ұлт тағылымы». Ғылыми-әдістемелік журнал. Алматы, 2008, №2, 291-295 бб.

    32. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аймақтық жетістіктері. // Қазіргі заманғы өркениеттің тұрақты даму аспектісінде этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қалыртастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана, 2009, 293-298 бб.

    33. Фольклорлық тарихнаманың көркем семантикасы.// Мемлекеттік тіл: даму мен өркендеудің жаңа кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2009, 73-79 бб.

    34. Жыр сүлейі – Марабай. // Облыстық ғылыми- практикалық конференция материалдары. Орал, 2007, 83-85 бб.

    35. Батыс Қазақстан фольклорлық – этнографиялық экспедициясының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына қосқан үлесі. // Профессор М.М.Тілеужановтың 80 жасқа толу мерейі қарсаңында өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2008, 157-166 бб.

    36. Ұстаздық концептіге сыйымды азамат еді. // Сәрсен Ақмурзин және Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қазақ руханияты атты облыстық ғылыми- практикалық конференция материалдары. Орал, 2009, 36-40 бб.

    37. Ауызекі тарихнаманың өзегіндегі көркемдік таным. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Хабаршысы. № 1-2 ( 125-126 ), 2010, 201-204 бб.

    38. Қасым хан – ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақтың саяси элитасының көшбасшысы. Зерттеуші-Исследователь ғылыми журнал. № 11 (55) қазан-қараша 2010,Астана, 21-28б.

    39. Елдестірген елшінің жауларын қисынмен алғанының әдебиеттегі көрінісі. БҚМУ Хабаршысы.№4 2010, 249-258бб.

    40. Түркі-татар әдебиеті мен мәдениетінің көшбасшысы – Исмаил бей Гаспринскийдің туғанына 160 жыл. Зерттеуші-Исследователь ғылыми журналы. №3-4 (59-60 ) наурыз-сәуір 2011, Астана, 89-98бб.

    41. ХХ ғасырдың бас кезіндегі бертінгі сырт елдер әдебиетіндегі түркілік идеал. (1курс студенті А.Бақтыгереевамен бірлескен) «Қазіргі онамастикалық ахуал: тілдік, тарихи әлеуметтік және географиялық факторлар». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2011, 174-186 бб.

    42. «Адайдың жеті қайқысының» күй музасы - Өскенбай Қалмабетұлы. (1 курс студенті А.Абибуллаевпен бірлескен) «Қазіргі онамастикалық ахуал: тілдік, тарихи әлеуметтік және географиялық факторлар» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2011,186-193бб.

    43. Әр дәуір әдебиетіндегі жағымсыздық категориясының мотивтері мен бейнеленушілік қабілеті. (1 курс студенті З.Орынбасармен бірлескен) «Қазіргі онамастикалық ахуал: тілдік, тарихи әлеуметтік және географиялық факторлар» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2011, 193-200бб.

    44. Қазақ фольклорындағы сөз қауызын жарған шындық. БҚМУ Хабаршысы. № 2011, бб.

    45. Профессор М.М.Тілеужанов – фольклоршы-этнограф ғалым. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарынан. Орал, -2013.

    46. Еңбек адамының әдебиеттегі көркем бейнесі. БҚМУ Хабаршысы, № 1, 2012, 191-197бб.

    47. Түркі тілді фольклор – ұлтаралық келісім кепілі.(пленарлық баяндама) Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Башқұрт пед.университеті және С.Бәйішев ат.Ақтөбе университеті. 2012, 15-21 бб.

    48. Жалпытүркілік жарқын бейне. Халықаралық ғыл-тәжірибелік конференция материалдарынан. Ақтөбе, 2012, 213-223бб.

    49. Н.Ф.Катановтың ғылыми еңбектерінің маңызы. БҚМУ Хабаршысы. №1, Орал, 2013, 196-201 бб.

    50. Халықтық проза тініндегі ертегі емес жанрлық түрлердің бейнелеушілік қабілеті. Дәстүрлі «Махамбет оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Орал, 2014 ж., 40 б.

    51. Қ.Жұмалиев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. БҚМУ Хабаршысы, №1, Орал, 2014ж. 27 б.

    52. Ұлттық тарихты образдаудың хас шебері. Әл Фавраби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан. Алматы, 2014ж. 17 б.

    53. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына – 20 жыл. (Ұлттық рухани-материалдық құндылықтар хақында) Has participated succuussfulv in the 4 Internatonal conference. On Eurasian scientific Development Held in Vienna Austria, march 1, 2015.

    54. Қазақта қара сөзге дес бермеген. «Исатай-Махамбет» ғылыми-педагогикалық, тарихи-әдеби, ақпараттық-танымдық журналы. №1, 2015, 40 б.

    55. «Төте жазудың» ежелгі мұраларды зерттеудегі ғылыми маңызы мен қазақ әдебиеті тарихындағы орны. БҚМУ Хабаршысы. №1, 2015. 208 б.

    12. Табыс тарихы (туындаған мәселелерді шешу жолдары, мақсаттары, шешу механизмі, жеке қол жеткізген табыстары, ел дамуына қосқан үлесі туралы қысқаша сипаттама)

    Роза Қазиқызы ұстаздық қызметтермен қоса қазақтың ұлттық қолөнерінің, соның ішінде, ежелгі фольклорлық-этнографиялық мұралардың көптеген түрлерін жақсы меңгерген өнерлі адам. Ол 1990-жылдардан бері бірнеше дүркін халықаралық, аймақтық өнер фестивальдарына қатысып, Қазақстан республикасы мен Ресейдің халық жетістіктері көрмесінде қолөнер бұйымдары қойылып, бірнеше халықаралық дәрежедегі дипломдар, қола медальдары мен сертификаттарды иемденді.

    2007 жылдан бері Шеврон Корпорациясы мен Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Қазақстан қолөнершілері мен кәсіпкерлеріне қолдау көрсетудің» Еуразиялық Қоры ұйымдастырған Шеврон Корпорациясының бағдарламалық Жобасына өз үлесін қосумен бірге жастарды ұлттық өнерге баулудың жетекшісі ретінде де танымал ұстаз. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының алғы шарттарын практикалық тұрғыда ғана емес, теориялық жағынан да насихаттаумен айналысып, аймақтық жидашылық мектептің тарихнамасын жасауда өз үлесін қосып келеді. Осы мақсатта жасаған ғылыми-практикалық жұмыстарының нәтижелері қазіргі таңда республикалық «Шебер» қорына көмегін тигізіп отыр.

    Ғылыми кандидаттық диссертациясының теориялық тұжырымдарын материалдық тіршілікте пайдаланудың үлгісін қалыптастырып келеді. Қазіргі таңда 60-қа жуық ғылыми және бұқаралық-көпшілікке арналған республикалық, аймақтық газет-журналдарда әлеуметтік-қоғамдық мәселеллерге мақалалар жазып, облыстық телеарна мен радиодан танымды хабарлар өткізуге ат салысты.

    Өзіне жүктелген кафедралды, универститетішілік міндеттерді атқара жүріп, Батыс Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен облыстық Әйелдер кеңесінің қоғамдық-бұқаралық жұмыстарына белсене араласады. Облыстың көптеген арнаулы және орта, жоғары білім беретін оқу орындарының шәкірттері алдында шығармашылық кездесулер өткізіп, заманауи жастарға үлгі боларлықтай тағылымдық іс-шаралар өткізді. Жұмыссыз жастар мен көпбалалы аналарға арналған көркем тоқыма мен маусымдық әр түрлі киім пішу, тігу секілді салалар бойынша қысқа мерзімді тегін курстар жүргізіп келеді.Сонымен қатар отбасылық бюджетті тәртіптеу мен мұқтажсыз өмір сүрудің экономикалық тиімді әдістерін жастарға, материалдық тапшылық көріп отырған жанұяларға тығырықтан шығудың жолдарын үйретуден жалыққан емес.

    Әсіресе, ұстаздың жастар арасындағы діни сауаттылық жөніндегі ықпалы жоғары. Жалпы дін төңірегіндегі көлеңке тұстарды дөп басып, жіктеп талдауда тапқырлық танытумен бірге, діннің жалпыадамзаттық ғылыми-танымдық аспектілеріне ғана назар аудартуды қолға алған. Көпқабатты, көпғасырлы адамзат баласының әр алуан көзқарастары мен діни наным-сенімдерін бүгінгі заманауи жұртшылықтың көру призмасымен типологиялық тұрғыда талдай білу қабілетімен көптеген жастарды көмескіленген діни ұғымдардан арашалап келеді. Осы сала бойынша ұстаздың бірнеше мақаласы жергілікті және алыс-жақын елдерде жарияланды.

    Жанұяда өмірдің әр саласына бейімделген, өнерлі де білімді бес бала тәрбиелеп, өзімен бірге оларды да ғылым, өнер жағынан қатар дамытуды өзіне мақсат тұтқан қамқор ана. Роза Қазиқызы уақыт тапшылығынан ұстаздықпен қатар дамытып келе жатқан өз өнерлерінің игерілмей жатқан тұстарын өз балалары мен шәкірттері арқылы жетілдіріп отырады. Жанұясындағы: саясаткер, журналист, суретші, жаратылыстанушы болып білім алған балаларының екінші мамандықтары - өнер. Себебі ұстаздың пайымдауынша: кез-келген маманның өзін қызықтыратын қосымша кәсібі де болуы керек, әсіресе, мемлекет сеніп тапсырған ұстаздық ететін жандардың ғұмыр жасы жеткенінше өмірдің сан-саласынан хабардар болуымен бірге, мүмкіндігінше, қарапайым қол еңбегі пен даналық ақыл-ойдың өларасынан табылуы міндетті – дейді. Осы идеяны ұстанған ұстаз қадамын заман талабымен қатар алып жүру мақсатында отбасылық жеке кәсіп ашып, жеті өнерді меңгерген балаларының шығармашылық қабілеттерін ұштау үстінде.

    13. Жергілікті бұқаралық ақпараттағы төл жарияланымдары:

    1. Мұхамбетқалиева Р.Қ. «Қазақ фольклорындағы экологиялық мәдениет» «Жайық үні» газеті, 1994ж. 23 желтоқсан.

    2. Мұхамбетқалиева Р.Қ. «Өлеңмен жер қойнына кірер денең» ( Жаназа намазы және жерлеу рәсімі хақында) «Жайық үні» газеті, 1995, 3 наурыз.

    3. Мұхамбетқалиева Р.Қ. «Аусылды (ящура) қалай емдеген?» (Мал ауруларын емдеудің ежелгі әдістерінің этнографиялық көрінісі) «Орал өңірі» газеті, 2001, 19 сәуір.

    1. Мұхамбетқалиева Р.Қ. «Жаңа бағдарлама жарық көрді» «Орал өңірі» газеті , 2000,11қазан.
    2. Мұхамбетқалиева Р.Қ. «Шешендіктану – құнды зерттеу» «Орал өңірі» газеті, 2001, 22 желтоқсан.
    3. Мұхамбетқалиева Р.Қ. «Менің кураторым...» «Өркен» газеті, №9, 31 қазан, 2016.

    14.Р.Қ.Мұхамбетқалиеваның өмірі мен еңбек жолына арналған басылымдар:

    1. Сейтақов А. «Жақсының жаны жұмбақ-ау» «Орал өңірі» газеті, 1990ж., 21 сәуір.

    1. Қамзақызы Лира « Қажуға біздің қақымыз жоқ» (Нарық және отбасы хақында) «Егеменді Қазақстан», 1997ж., 7-қаңтар, Алматы.
    2. Құмарова Р. «Жарасты жанұяның жақсы істері» ( ұлттық өнердің өрісін кеңейту хақында), « Орал өңірі» газеті, 1996 ж. 18 сәуір.
    3. Шабаренина Т. «Внучка имама» Газета «Приуралье», 1999г., 16 октября.
    4. Құттымұратұлы Қ. «Қалада тұратын дала қызы» ( Өнерлі отбасы Мұхамбетқалиевтер хақында) «Орал өңірі» газеті, 2009ж, 19 ақпан.
    5. «Ұстаз – ұлы есім...» (Ф.ғ.к., доцент Р.Қ.Мұхамбетқалиеваның ұстаздық келбеті хақында). «Өркен» газеті, 2013ж. 8(892) қыркүйек-қазан.

     

  • Ниетова Айгүл Серікқызы

    магистр


    БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

    Курс атаулары (құжатқа сәйкес) біліктілігін арттыру мекемесі, жылы, мерзімі

    1. «Новые образовательные технологии» курсы, Н.Г.Чернышевский ат. Саратов мемлекеттік университеті ұйымдастырған Орал қ. 18-19.10.2007 ж. Сертификат

    2. «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» курсы, БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Орал қ. 31.03-11.04.2008 ж. Сертификат

    3. «Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың интерактивтік әдістемесі» тақырыбындағы оқытушылардың біліктілігін жетілдіру курсы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Орал қ. 19-20.11. 2008 ж. Сертификат

    4. «Қазақ тілі» мамандығы және «Жаңа ақпараттық технологиялар» пәні бойынша біліктілік арттыру курсы, ҚР Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру институты Алматы қ. 01-13.12.2008 ж. Сертификат

    5. «Компьютерлік графика» курсы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Орал қ.12-23.01.2009 ж. Сертификат

    6. «Педагогикалық менеджмент және басқару психологиясы» семинар-тренинг, М. Өтемісов атындағы БҚМУ кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Орал қ. 20.10.2010 ж.-14.03.2011 ж. Сертификат

    7. «Электронды үкімет және электронды қызмет» семинар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Зерде» холдингі АҚ Орал қ. 29.10.2011 ж. Сертификат

    8. «Elsevier SciVerse ScienceDirect and SciVerse Scopus» training, М. Өтемісов атындағы БҚМУ Орал қ. 24.09.2012 ж. Сертификат

    9. «Thomson Reuters Scientific&Scholarly Research» семинар, М. Өтемісов атындағы БҚМУ Орал қ. 22.10.2012 ж. Сертификат

    10. «Жоғары мектеп менеджменті: мәселелері және келешегі» семинар-тренинг, М. Өтемісов атындағы БҚМУ Орал қ.18.03-01.04.2013 ж. Сертификат

    11. «Орта және жоғары мектеп жүйесіндегі көптілді білім беру мәселесін дамыту» аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар, М. Өтемісов атындағы БҚМУ Орал қ. 14.04.2016 ж. Сертификат

    12. «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты ғылыми-әдістемелік семинар, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Өрлеу» БАҰО филиалы ББЖҚ БАРИ, Абай ат. ҚазҰУ, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Қазақ МҚПУ, Сүлеймен Демирел университеті біріккен ғылыми-әдістемелік семинар Алматы қ. 03-16.04.2017 ж. Сертификат

    13. «Заманауи педагогикалық технологиялар» жоо педагогикалық мамандықтары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Алматы қ. 29.05-10.06.2017 ж. Сертификат

    14. «ЖОО-да білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар», М. Өтемісов атындағы БҚМУ Орал қ. 04-18.06.2018 ж. Сертификат

     

     

    СЕМИНАР, КОНФЕРЕНЦИЯ, БАЙҚАУЛАРҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

    Шараның атауы, құжаттың атауы (диплом, сертификат), шараның түрі, айы, жылы

    1. БҚО «Жыл мұғалімі -2000» байқауының гран-при иегері Орал 2000 ж.

    2. Республикалық «Жыл мұғалімі-2000» байқауының «Мұғалім-зерттеуші» номина-циясының лауреаты Орал 2000 ж.

    3. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы өткізген «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» ІІ республикалық фестивалінде Бейне-аудио сабақ номинациясында ІІ орын Астана 2011 ж.

     

     

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

    Авторлары, мақала атауы, жорнал, жинақтардың атаулары, жорналдың №, жыл

    1. Тестілік тапсырмалар және оларды күрделендіру жолдары // «Ұстаз» ғылыми-әдістемелік журналы №2 Орал қ. 2000 ж. 25-30 бб.

    2. Лицейде қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту // «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналы №10 Алматы қ. 2000 ж. 25-26 бб.

    3. Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары // БҚМУ профессор-оқытушылар құрамының 65 - ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы Орал қ. 2004 ж. 39-44 бб.

    4. Шығарма жазудың теориясы мен практикасы // «Тәрбие құралы» ғылыми-әдістемелік журналы №3 Алматы қ. 2005 ж. 70-74 бб.

    5. Ғ.Қараш шығармаларын мектепте оқыту // Ғ.Қараштың 130 жылдығына арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы. Орал қ. 21-22 шілде 2006 ж. 67-71 бб.

    6. Қазіргі сабақ және ондағы дидактика принциптерінің жүзеге асырылуы // БҚМУ хабаршысы №3 Орал қ. 2006 ж. 170-175 бб.

    7. «Шығарма жазудың теориясы мен практикасы» арнаулы курсының бағдарламасы // БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты. «Қолданбалы курстар бағдарламаларының жинағы (тілдік пәндер саласы)». Орал қ. 2006 ж. 15-26 бб

    8. «Әдебиет теориясы» арнаулы курсының бағдарламасы // БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты. «Қолданбалы курстар бағдарламаларының жинағы (тілдік пәндер саласы)». Орал қ. 2006 ж. 44-51 бб.

    9. Орыс жазушыларының шығармаларын Абай аудармалары негізінде оқыту // «Мемлекеттік тілді меңгерту – мәртебелі міндетіміз» облыстық ғылыми- тәжірибелік конференциясының мақалалар жинағы. 15-16 наурыз 2007 ж. Орал қ. 34-38 бб.

    10. Жаңа оқыту технологияларының қазақ әдебиетінен жазба жұмыстарын орындаудағы тиімділігі // «Қ.Жұмалиев және ұлттық рухани әлем» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалар жинағы. Орал қ. 20-21 ақпан 2007 ж. 443-447 бб

    11. М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінде жағымсыз образдар арқылы азаттық идеясының берілуі // «Батыс Қазақстандағы тарих ғылымы мен білім дамуының мәселелері: ізденістер мен міндеттер» атты тарих ғылымдарының докторы, академик Т.З.Рысбековтің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары Орал қ. 20 қыркүйек 2007 ж. 168-169 бб

    12. Абай мен Тоқай шығармаларындағы сабақтастық // «Еуразиялық ойлауды қалыптастыру мәселелері (еуразиялық теңқұқылық)» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалар жинағы. Орал қ. 2008 ж. 211-214 бб.

    13. Ұлы ақын Ғ.Тоқайдың шығармашылығындағы Орал әлемі атты облыстық шығармалар байқауының қорытындысы // «Еуразиялық ойлауды қалыптастыру мәселелері (еуразиялық теңқұқылық)» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалар жинағы. Орал қ. 15-16 маусым 2008 ж. 208-210 бб.

    14. Іскери сөйлеу тілін оқыту әдістері // «Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің тиімді әдістері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағы Орал қ. 9-10 қаңтар 2008 ж. 56-62 бб.

    15. Салыстыра оқыту – тілді меңгертудің тиімді тәсілі // «Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары Орал қ. 2009 ж. 280-282 бб.

    16. «Іскери сөйлеу тілін оқыту тәжірибесінен» Озық педагогикалық тәжірибе мектебі (материалдардың жинағы) Орал 2009 ж.104-108 бб.

    17. Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері // «С.Ақмурзин және Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қазақ руханияты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы Орал қ. 2009 ж.185-188 бб.

    18. Батыс Қазақстан өңіріндегі ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер мен мәтелдер // Профессор Н.Ф.Катанов және түркітану мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның жинағы. Орал қ. 30-31 мамыр 2012 ж. 76-79 бб.

    19. «Байұлы этнонимінің тарихы» М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы №1(49) Орал қ. 2013 ж. 228-231 бб.

     

     

    ШЕТЕЛДІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

    Авторлары, мақала атауы, жорнал, жинақтардың атаулары, жорналдың №, жыл

    1. «The formation of a syntax syntagm» / Маn іn Іndіа 97(9) 2017 National & International Journals стр.13-22 (G.Yerkegaliyeva, N.Ilyasova, K.Aronov, А.Niуetova, A.Kaliyeva)

     

    ЖАРИЯЛАНҒАН БАСЫЛЫМДАРЫ

    (ОҚУ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР, МОНОГРАФИЯЛАР)

    Авторлары, атауы, мамандық, пән, басылым орны, баспа, шығарылған жылы

     

    1. А.С.Ниетова, Н.К.Ахатова, А.С.Жұбанышева, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенға-лиева, Н.А.Алмағамбетова «Қазақ тілі» оқу құралы Орал 2007 ж. 242 б.

    2. А.С.Ниетова, Н.К.Ахатова, А.С.Жұбанышева, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенға-лиева, Н.А.Алмағамбетова «Қазақ тілі» оқу құралы Орал 2012 ж. 276 б. (Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. №7 хаттама 20.06.2008 ж.)

    3. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенғалиева «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» оқу құралы Орал 2012 ж. 131 б. (Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. №12 хаттама 27.05. 2010 ж.)

    4. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» оқу құралы Орал 2012 ж. 129 б. (Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. №15 хаттама 10.06.2011 ж.)

    5. А.С.Ниетова «Сборник воспитательных часов» Уральск 2012. 113 стр

    6. А.Б.Медешова, А.С.Ниетова, Р.Б.Сұлтанғалиева «Қыздарға кеңес» әдістемелік құрал Орал 2013 ж. 124 бет

    7. А.Б.Медешова, А.С.Ниетова «Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы Орал 2016 ж. 117 б.

    8. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенғалиева «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» оқу құралы 2-басылым Орал 2017 ж. 144 б. (Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған. №3 хаттама 16.06. 2017 ж.)

    9. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Батыс Қазақстан этнонимдерінің лингвомәдени сипаты» монография Орал. 2018 ж. 136 б.

     

    ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ

    Авторлары, атауы, мамандық, пән, басылым орны, баспа, шығарылған

    1. «Қазақ тілі» орыс бөлімдеріне арналған электронды оқулық. Н.К.Ахатова, А.С.Ниетова, А.С.Жұбанышева, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенғалиева, Н.А.Алма-ғамбетова Орал 2008 ж.

    2. «Кең байтақ Қазақстан» мәтіндер жинағы электронды оқулық Орал 2008 ж.

    (авторлық бірлікте)

    1. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» электронды оқулық Орал 2010 ж. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенғалиева (Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. №12 хаттама 27.05.2010 ж.)

    2. «Танысу» бейне сабақ Орал 2010 ж.