«Бұрымды ару-2014» сайысы оздырылды

Көктемнің алғашқы мерекелерімен қатар филология факультетінде 0202-топ студенттері мен топ кураторы Н.К.Ахатованың ұйымдастыруымен «Бұрымды ару – 2014» сайысы оздырылды. Сайысқа 1-2 курс студенттері қатысты. Қатысушылардың міндетті түрде шаштары ұзынболуы шарт еді. Сонымен қатар бұрымды аруларымыз өнерімен, білімділігімен сайысқа түсті. Барлық сындардан сүрінбей өтіп, өзінің білімділігімен, өнерімен көзге түскен 02102-топ студенті Батыргереева Жаңылсын «Бұрымды ару – 2014» атанды. Сонымен қатар мынадай номинация иегерлері марапатталды:«Инабатты ару» - Қуан Айзада, «Өнерлі ару» - Амангелдиева Гүлзада, «Көрермен көзайымы» - Гайсина Динара.